«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сертификатты ерікті түрде алу керек

2016 жылғы 18 Сәуір
15304 просмотров

«Атамекен» ҰКП жиынында қадағалау саласындағы қызметкерлердің сертификат алу мәселесі қарастырылды

Шараға атқарушы билік органдары, «Ұлттық аккредитация орталығы» ЖШС, «Қазақстанның стандарт пен сертификат институты» РМК, қадағалау қызметін ұсынатын нарықтың мүшелері, Қазақстанның қадағалау мен техникалық диагностика қауымдастығы қатысты. Жиынды «Атамекен» ҰКП ҚР төралқа төрғасының орынбасарының міндетін атқарушы Дана Жүнісова ашты. ҚР Инвестиция мен даму министрлігінің Техникалық реттеу мен метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов сөз сөйледі.

Қызметкерлердің біліктілігіне қатысты талаптарды саралай келе атқарушы билік өкілдерінен кәсіби біліктілікті дәлелдейтін ГОСТ 30489 стандартына сай берілген құжаттардың легитимдігі туралы, қызметкерлердің сертификатты ерікті түрде алуы, оны Ұлттық аккредитация орталығы біліктілік куәлігін де, сертификатты да мойындауы; сонымен қатар үкіметтік емес КАНКТД стандартын реттеу мүшелері ерікті түрде қолдануы туралы сұрақтарға жауап алынды.

Жиынның қорытындасында «Атамекен» өз ұстанымын көрсетті. Ұлттық палата қызметкердік сертификат алуды ерікті іс деп таныды. Оны тек аккредитациядан өткен органнан алуы керек немесе біліктілік куәлігін беретін оқу орталығында тапсырыс берушінің талабына сай, яки нарықтың сұранысы мен өкілетті органның кеңес етуімен өтуі тиіс.

«Техникалық реттеу» заңы бойынша үкіметтік емес болып бекітілген стандарттар ұлттық, өңірлік, халықаралық стандарттарды қайталамауы керек. Қабылданған КАНКТД сияқты үкіметтік емес стандарттар «Бүлдірмейтін қадағалау мен техникалық диагностика. Бүлдірмейтін қадағалау мен техникалық диагностика саласындағы қызмет көрсету ұйымдарына қойылатын кәсіби талаптар» шын мәнінде ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 және ҚР СТ ИСО 9712-2014 талаптарын қайталайды. Қайта қарастыруға сұранып тұр.

Жиынға қатысушылар ҚР тиісті органдарына хат жолдап, ресми түсініктеме алу керек деп шешті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер