«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сапасыз тауар үшін жауапкершілік қайта қаралады

2018 жылғы 26 Ақпан
7845 просмотров

Техникалық реттеу саласында құқық бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту мәселесінде бизнес пен депутаттардың пікірі сәйкес келді

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында 23 ақпанда салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысумен «Ақ жол» партиясының көшбасшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Т.Перуашевтың техникалық регламент талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге қатысты бастамалары талқыланды.

Ұлттық палата алаңы бекер таңдалған жоқ: Палата – ішкі нарықта адал бәсекелестік пен тәртіп жүргізудің жақтаушысы.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова қатысушыларға алғыс білдіріп, техникалық талапты бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтудің маңызды екенін атап өтті.

«Бұл кезеңде бізге техникалық регламент талабын бұзғаны үшін жауапкершілікті арттыру маңызды. ЕАЭО бойынша серіктес-жекелеген елдерде Қазақстанға қарағанда мұндай тәртіп бұзғаны үшін жауапкершілік жоғары. Біз заманға қарай ілесуіміз керек. Нақты жауапкершілік жоқ болса, тіпті жақын одақтас елдерден өтімсіз тауарды еш қиындықсыз жеткізуге болатын елге айналып кетеміз», - деді Дана Жүнісова.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев заңнамаға енгізілетін негізгі өзгерістерді талқылауға ұсынды, атап айтқанда:

- айналымнан сәйкес келмейтін (қауіпті) өнімді алу институтын енгізу;

- техникалық регламент талабын бұзғаны үшін және сертификаттау нәтижесінің дұрыс еместігіне айыппұл көлемін арттыру;

- техникалық реттеу саласында, сәйкестікті бағалау және метрологияда құқық бұзғанына жауапқа тарту үшін талап қою мерзімін 2 айдан 5 жылға дейін ұзарту.

«Бұл ұсыныс бір күнде дайындалған жоқ. Біз бірнеше жылдан бері түрлі алаңда техникалық реттеу саласында жауапкершілік шараларын қайта қарау қажет екенін дәлелдедік. Өткен жылдардағы жұмсақтық кері әсерін берді. Адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ойыншық, тағам өнімдері сатылатынын, жеткізілетін импорттық өнім сертификаттаудан өтпейтін жағдай жиі орын алады, мұнымен қоса импорттаушы сондай тауарды шектеусіз алып келіп, мемлекет заңсыздықты реттеудің нақты шараларын жасамай отыр», - деп түсіндірді Азат Перуашев.

Қатысушар арасында Депутаттың бастамасын мақұлдап, автокөлік жасау, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдарының индустриясы түзету енгізуді қолдады.

Сонымен қатар Дана Жүнсіова ЕАЭО одаққа мүше мемлекеттер тарапынан өнім қауіпсіздігін сақтау мәселесіне айрықша назар аударылып отырғанын айтты.

Таяуда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде өнімнің оның ішінде мемлекет бақыламайтын өнімнің (ЕАЭО және ҚР техникалық регламент қабылдамағанға қатысты) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған Келісім жобасы мақұлданғанын хабарлады. Дана Жүнсіова бизнесті адал бәсекелестікте, өнім шығаруға қойылған қауіпсіздік пен сапа нормаларының барлық талабын сақтаай отырып жұмыс істеуге шақырды.

Қатысушылардың пікірінше талқылау қызықты өтті әрі мемлекеттік бақылау жүйесінің көп жайттары түсіндірілді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер