Үздік деп танылды
«Атамекен» ҰКП-ның баспасөз қызметі Мәскеуде көшбасшылардың үштігіне кірді
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жұртшылықпен байланыс департаменті баспасөз хатшылары, баспасөз қызметінің қызметкерлері және жұртшылықпен байланыс жөніндегі мамандар арасында өткен Бүкілресейлік конкурста «Әлеуметтік медиадағы PR» номинациясы бойынша ІІІ орын алды. Жеңімпаздарды марапаттау Мәскеуде Шереметьев отелінде өтті.
«2015 жылдың Баспасөз қызметі» конкурсы – бұл баспасөз қызметтерінің, кәсіпорындардың PR-бөлімдерінің және PR-департаменттердің, сондай-ақ, PR-агенттіктердің ашық халықаралық конкурсы. Конкурстың ұйымдастырушысы – «Пресс-служба» журналы.
Конкурстың миссиясы – PR-мамандардың кәсіби деңгейінің өсуіне ықпал ету, кәсіби тәжірибе алмасатын алаң ұсыну, PR-мамандардың жұмысына сарапшылық баға беру, PR-саланың біртұтас ақпараттық кеңістігін дамыту.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жұртшылықпен байланыс департаментінің қызметкерлері конкурсқа бірінші рет қатысты. Бірден үш номинацияға өтініш берілді: «Әлеуметтік медиадағы PR», «Бизнестегі үздік әлеуметтік жоба» және «Бизнестегі үздік PR-жоба».
«Бұл марапаттың артында орасан зор жұмыс жатыр. Мен ҰКП-ның баспасөз қызметін бір жылдан бері басқарып келем, осы уақыт ішінде біз өз командамызға түрлі бағыттағы мамандарды жинай алдық: PR, газет, ТД, радио, ақпарат агенттіктерінің журналистері және SMM-мамандар. Біз «Өз бизнесіңді қорға», «Әркімнің дауысы маңызды» және «Ұрпақтардың алғысы» акцияларына өтініш бердік. Және де осындай әлеуметтік медиа тәрізді заманауи бағыттағы жұмысты Мәскеуде жоғары бағалағанына өте қуаныштымыз. Осы номинацияның өзінде ғана 300-ден астам жұмыс ұсынылғанын айта кеткім келеді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Юлия Валиахметова.
Әлеуметтік медиаға Ұлттық палата аса белсенді қатысуда. Бүгінгі күні бизнес-қауымдастықтың әлеуметтік желілерде 13 мыңнан астам белсенді жазылушылары бар. Салыстыратын болсақ: өткен жылдың басында ресми аккаунтқа барлығы 4 мың адам жазылған. Бірнеше айдың ішінде бизнесмендердің өздерінің бастамасы бойынша флешмоб басталды. Күн сайын «Атамекен» Ұлттық палатасының баспасөз қызметіне кәсіпкерлерден бейнежазбалар келіп түседі, онда олар бизнестегі проблемалары туралы айтады, өз тәжірибелерімен бөліседі және барлық коммерсанттарды білікті әрі тегін көмек алу үшін «Атамекен» ҚР ҰКП-на жүгінуге шақырады. Барлығы 60-тан астам бейнеөтініш жарияланды. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысынан келген бір ғана осындай өтініш 17 мың пайдаланушыны қамтыды. Оған қоса, «Өзбизнесіңдіқорға» (#Защитисвойбизнес) хештегімен анимациялық роликтер сериясы құрылған. Бір ғана ролик бойынша тұтынушыларды қамту 10 мыңға жетті. ҰКП-ның ресми аккаунттарындағы барлық жарияланымдар екі тілде орналастырылады. Баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде «Атамекен бизнес-тіл» жобасын белсенді ілгерілетуде. Күн сайын тұтынушылармен қазақ тіліндегі бизнес-сөздер ұсынылып, талқыланады.
Биылғы жылы «Жылдың баспасөз қызметі» конкурсының әділқазылар алқасында Тимур Асланов – әділқазылар төрағасы, «Имидж-Медиа» Баспа үйі СЕО «Пресс-служба» журналының бас редакторы, Илья Балахнин – Paper Planes Consulting Agency компаниясының бас директоры және басқарушы серіктесі, Юлия Грязнова – РАСО атқарушы директоры, Андрей Лапшов – Insiders Коммуникациялық тобының президенті, IABC/Russia Сарапшылық кеңесінің басшысы, Виктор Зимин – «ЮНИПРАВЭКС» сарапшылық-сараптамалық және ақпараттық-рейтингтік компаниясының бас директоры, Сергей Новиков – «Росатом» Мемлекеттік корпорациясы Коммуникациялық департаментінің директоры, Денис Терехов –«Социальные сети» агенттігінің басқарушы серіктесі және басқалар болғанын атап өту қажет.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: