«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мәскеуде ЕАЭО техникалық реттеу мәселесі қаралды

2018 жылғы 12 Ақпан
9586 просмотров

Іс-шараны Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы ұйымдастырды. Бұл одақ көп жылдан бері «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының еуразиялық кеңістіктегі серіктесі болып табылады 

 Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының шақыруымен, Ұлттық палата жетекшілігімен 2018 жылдың 8 ақпаны күні «Еуразиялық интеграция құралы ретіндегі техникалық реттеу» атты форум және ЕАЭО Әскерлік кеңесі төралқасы жиыны өткізілді.

 Ұлттық палата және Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағынан басқа, шараға ЕАЭО мүше мемлекеттерінің бизнес-қоғамдастығы, РФ мемлекеттік органдары қатысты, осындай қонақтардың қатысуы арқылы қозғалған мәселелерді жан-жақты қарастыруға мүмкіндік туды.

 Жоғарыда аталған шараның басты тақырыбы, форумнан байқалғандай, еуразиялық бірлестіктің аясындағы техникалық реттеудің мәселелері мен дамуының келешегі болды. Осы тақырыпты жетілдіру Одақ шеңберінде сапалы өнім айналымының сапасы мен қауіпсізідігі қамтамасыз етілмек.

 Айта кетелік, Форумның барлық баяндамашылары ЕАЭО техникалық реттеудегі орын алып отырған қиындықтарды айтуда ойлары бір жерден шықты, сонымен қатар олар айтқан шешімдер легі мен бағыты да бір көзқараста, бұл өз кезегінде бағалаудың объективтілігі мен ұсынылған шешімдердің ықтимал тиімділігі туралы айтады.

 «Бүгінде бизнеспен ұсынылып отырған қажетті шаралар – өнім қауіпсіздігі туралы хабарлама таратудың бірыңғай жүйесін енгізу,  сәйкестікті бағалаудың сенімділігін қамтамасыз ету механизмдерін құру, техникалық реттеу саласында  құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті белгілеу қағидаттары мен тәсілдерін үйлестіру және т.б. шаралар азаматтардың өмірі мен денсаулығына әлеуетті қатер төндіретін Бірыңғай талаптарды қанағаттандырмайтын өнімдер айналымына қарсы әрекет етудің әрекеттерін техникалық реттеу тетіктеріне барынша жәрдемдесуге бағытталған. Аталған шаралар кешені бізге бірлестігіміз территориясында контрафактімен, фальсификатпен тиімді күресуге, сонымен қатар соңғы жылдары белен алған жалған сәйкестік сертификаттармен күресуге жол ашады. Осындай ұсыныстар интернет желісінде көптеп кездеседі, ал бұл өз кезегінде бизнеске үлкен соққы әкеледі де Еуразиялық экономикалық комиссиясының Одаққа мүше мемлекеттермен бірге атқарылып отырған орасан еңбекке үлкен зардап әкеледі»,– деді ҰКП Бақсрам Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова.

 Форум нәтижесі бойынша тараптардың бизнес-қоғамдастықтар ЕАЭО техникалық реттеу бойынша өз ұсыныстарын беретін болады. 

Осы күні Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлер одағы төрағасы Александр Шохин жетекшілігімен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің 9-отырысы өтті. Айта кетелік 2018 жылы Одақтаққа жетекшіліу өту Ресей Федерациясына өтті. Осыған сәйкес ЕАЭО Іскерлік кеңесі төрағалығы да Ресейлік тарапқа өтті.

 Жиын барысында 2017 жылы Іскерлік кеңеспен атқарылған жұмыс, ЕАЭО-дағы интеграцияны тереңдету, Еуразиялық кеңеспен жұмыс,  еуразиялық кәспкерліктегі кедергілерді алып тастау қорытындысы айтылды.

 «Былтырғы жыл В2В  деңгейінде тығыз байланысты көздейтін интеграциялық процестреді жаңа деңгейге шағырады.  Орын алған жағдайда қатысушы елдердің үкіметтері деңгейіне шығармай  ЕАЭО мүше мемлекеттерінің бизнес-қоғамдастығы кәсіпкерліктерінің өзара әрекеттесуі мәселелерінің көп бөлігін шешуге мүмкіндік беретін Іскерлік алаңындағы жұмысын жақсарту керек, – деді Дана Жүнісова.

 Ұлттық палата мен қазақстандық бизнес техникалық реттеудегі мемлекеттік органдар мен Одаққа мүше мемлекеттердің бизнесі арасындағы әрекеттесу механизмін сапалы жақсартуға бағытталған келісімдер мен міндеттерге тез қол жеткізуге үміт артады. Осылайша еуразиялық кеңістіктегі өнім сапасы мен қауіпсіздігі жоғарыламақ.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер