«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өсімдік майын өндірушілер бірікті

2016 жылғы 14 Сәуір
- Ақмола облысы
11801 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының өңірлік бөлімі өсімдік майын өндірушілердің кооперативін жасақтауға кірісті

Ол туралы Қазақстанның Фермерлер одағының төрағасы Әуезхан Даринов пен «Атамекен» ҚР ҰКП Тамақ өндірісі мен Агрокәсіптік кешен департаментінің директоры Рүстем Құрманов ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің жиынында айтылды.

Бұл жиын онлайн режимде өтті. Сондықтан облыстағы барлық ауданның фермерлері қатысты.

«Атамекенмен» бірге 100 Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация» деген бағдарлама аясында 50 ауылдық кооператив құрылды. Ауылдық кооперативтің мүшелеріне орасан мүмкіндіктер туып тұр. Палата бүкіл жобаларға қолдау білдіріп, соңғы нүктесіне дейін қарасып отыр», – деді Рүстем Құрманов.

Оның ойынша, өсімдік майын өндірушілердің бірігуі уақыт талабы. Көп көмегі тиеді. ҰКП қытайдың «Айцзюй» атты индустриалды компаниямен серіктестік меморандумына қол қойған. Осы келісім негізінде Солтүстік Қазақстан облысында өсімдік майын шығаратын және дақылдарды өңдейтін зауыт салу жоспарланып отыр. Өз кезегінде ақмолалық ауылшаруашылық өндірушілерінің енді өсімдік майын нарық бағасымен сату мүмкіндігі туып тұр. Өйткені, қытай компаниясы кооперативтердің  құрылуын қаржылай қамтамасыз етуге дайын. 

«Қытай нарығына шығу біздің алдымызда үлкен мүмкіндіктерді ашады. Бүгінгі таңда көптеген ауылшаруашылық өнімінің өндірушілері Ауылшаруашылық кооператив құрамына кіруге өтініш білдіріп отыр. Қазір құқықтық құжаттарды реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Уәлихан Ғабдуллин.

Жиынның бас қосушылары көктемгі дән егу, егістік мәселелелерінің қаржылай шығынын, салығын, жерді ұтымды пайдалануды талқылады. Нақты айтқанда, фермерлер инвестициялық субсидия туралы көбірек білгісі келді. Несиенің үстемесін, арзандаған жағармайдың бағасын, т.б. айтты. Гербицидтің субсидиясын алудың шарттары көп талқыланды. Агро кешен кәсіпкерлері субсидия көлемі гербицидке жұмсалған ақшаның 50% жетсе екен деп отыр. Мейлі ол отандық болсын, шетелдік болсын.

«Өңірлерге шығып көрдік. Ауылшаруашылықпен айналысатын кәсіпкерлердің көңіл-күйін білгіміз келді. Айтылған сұрақтарды, барлық ұсыныстарды өзімізге түртіп алдық», – деп түйіндеді сөзін Әуезхан Даринов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер