Енді жылу энергиясына жұмсалатын шығын 60%-ға дейін үнемделеді
Қазақстанда екі жылдың ішінде барлық тұрғын үй қорын жылу энергиясын есептеуге арналған құрылғылармен қамтамасыз ету жоспарлануда
Мәселенің мәні мынада, бірінші қабатта орналасқан тұрғындар мен кәсіпорындар жылумен қамту компаниясының қызметіне төлемді басқаларға қарағанда қымбатырақ тарифпен төлеуге мәжбүр. Есептеу құрылғысын орнатқан жағдайда, төлем тұтынған жылу энергиясы үшін ғана төленер еді.
Өткен жылдан бастап жекелеген өңірлерде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры есептеу құрылғыларын орната бастады. Алдағы екі жылдың ішінде республикадағы барлық тұрғын үй қоры осындай құрылғылармен қамтылады деп күтілуде. Мәселен, ағымдағы жылдың соңына қарай үйлердің 41%-ы есептеуіш құрылғымен жабдықталмақ.
Елдегі барлық тұрғын үй қорын құрылғымен жабдықтауды Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) қаржыландырады. Өз кезегінде, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры жобаны қаржыландыру туралы несиелік келісім жасауды жоспарлауда. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ЕҚҚДБ 12,2 млрд. теңге бөледі деп күтілуде.
Жылуды есептеу құрылғыларын орнатуды қаржыландыруға арналған өтінімдерді құрамына «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері де кіретін Жұмыс комиссиясы қарайды.
Айта кетерлігі, 2013 жылдан бастап өңірлерде тарифті жылу энергиясын есептейтін құрылғылардың бар-жоғына қарай саралау енгізілген. Соған сәйкес, жылу энергиясын есептейтін құрылғылар орнатылған үйлер бекітілген тариф бойынша төлем жасағанда, қаржысын 60%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік алады.
Жылу энергиясын есептейтін құрылғыларды орнату туралы мәселе 2013 жылдан бері «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасында көтеріліп келе жатқан еді.
Жылу энергиясын есептейтін құрылғыларды орнату арылы тұтынушылар пайдаланбаған жылу энергиясы үшін қаражат төлеуден құтылып, энергияны үнемдейтін шаралар мен технологияларды енгізу арқылы тиімділікке қол жеткізеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: