«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ивановаға жол тарттық

2016 жылғы 26 Наурыз
9655 просмотров

Иваново кәсіпкерлері бұдан былай да қазақстандық әріптестерімен тығыз жұмыс жасауды көздеп отыр

Бұл туралы таяу күндері Иваново қаласына (РФ) барған Қазақстан делегациясымен кездесу барысында айтылды.

Қос тарап Иваново өз ниеттерін облыстың Сауда-өнеркәсіптік палатасы мен Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы өзара келіскен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою арқылы бекітті.

Алайда осы уақытқа дейін де Иваново өңірінің Қазақстанмен арадағы сауда байланысы жаман болған жоқ. Мәселен, Иваново облысының экономикалық даму мен сауда департаментінің ақпараты бойынша аталған өңірдің Қазақстанмен тауар айналымы 2014 жылы 3,4 млрд. рубль болса, ал 2015 жылдың тоғыз айында миллиардтан астам рубльге тең болған. Негізінен, Ивановодан Қазақстанға тоқыма өнімдер, машиналар, көлік жабдықтары мен құралдары, химия өндірісі өнімдері, каучук экспортталады. Ал Қазақстаннан бұл қалаға көбінесе мақта, электр машиналары, жабдықтар, құралдар, пластмассалар әкелінеді.

Тараптардың пікірінше, екіжақты ниеттер туралы қол қойылған хаттама өңіраралық қатынастарды бұдан ары да қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.

Бұған дәлел, Иваново облысының Иваново қаласында ашылған «Қазақстан тауарлары» сауда орталығының ашылуы, оның ашылу рәсімі Ресей Федерациясындағы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен болып өтті.

Қазақстанның сауда кәсіпорындары вице-президенті Жібек Әжібаеваның айтуынша, Қазақстанда Иваново кәсіпорындарымен ынтымақтастық жасауға, нақтырақ айтсақ, тоқыма бағытындағы өнімдер жеткізіліміне қызығушылық танытқандар көп.

Қазақстандық компаниялар, өз кезегінде, өз өнімдерін ивановолықтарға Сауда орталығының ашылу рәсімінде таныстыра алды. «Қазақстан тауарлары» Сауда орталығының құрылтайшысы Айжан Шебанова Иваново қаласында қазақстандық тауарларды жекелеп сату жөніндегі дүкен ашуды көздеп отыр.

Мұнда қазақстандық өнімдерді сату әлеуеті бар, Иваново облысы тұрғындары миллион адамнан асады.

Орталықтың ашылу рәсімінде В2В форматындағы кездесу болып өтті. Онда Оңтүстік Қазақстан облысынан барған өкілдер перспективті инвестициялық жобалар мен өңірдің экономикалық әлеуетімен таныстырды.

Ресейлік тарап тоқыма өнеркәсібі саласында Оңтүстік Қазақстан облысымен экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып отыр. Сонымен бірге туристік кластерді дамыту, Оңтүстік Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдерін ресей нарығына экспорттау мәселелері талқыланды. Бұдан басқа, Иваново мемлекеттік энергетикалық университеті Қазақстан студенттерін оқыту мүмкіндігін қарастыруды көздеп отыр.

Иваново кәсіпкерлері, өз кезегінде, бизнес-миссиямен республика кәсіпорындарымен, сондай-ақ елдің инвестициялық мүмкіндіктерімен анағұрлым жақынырақ танысу үшін Қазақстанға келмек.

Кездесу барысында «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ресей Федерациясындағы өкілдігі директоры Берік Үмітбаев ҰКП қызметі туралы айтып берді және Қазақстан кәсіпкерлері инвестициялық және экпорттық әлеуетті дамыту мақсатында жүргізіп отырған жұмыс барысымен таныстырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер