Қазақстанда машина жасау өндірісі төмендеді
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жиынтық талдау департаменті өнеркәсіптің 2016 жылдың ақпанындағы жағдайы туралы деректерді дайындады
2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында Физикалық көлем индексі (ФКИ) 0,3%-ға төмендеген. Өнеркәсіп секторының өсімі 2015 жылдан бастап елеулі түрде төмендей бастады, ал 2013 жылдан бастап ол «қимылсыз арнаға» айналды.
Өңдеу өнеркәсібі. Өңдеу өнеркәсібі секторы негізінен металлургия өнеркәсібі (10,6%), азық-түлік өнімдері (4,1%), химия өнеркәсібі (1, 4%) есебінен және негізгі фармацевтік өнімдер (0,8 %) есебінен біршама өсімді көрсетті.
Машина жасау секторында да күрт төмендеу байқалады (2015 жылдың қаңтар-ақпан айларына -32,6%). Сектор ішінде:
- автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі (-86,1%);
- компьютерлер, электронды және оптикалық өнім өндірісі (-57,7%) төмендеген.
2 сурет 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында экономикасы біршама құлдыраған өнеркәсіп секторларының ФКИ өсімі дағдарысқа дейінгі кезеңде – 2013 жылдан бастап азайа бастағандығын көрсетеді.
Тау-кен өнеркәсібі және карьерлер жасау. Өңдеу өнеркәсібі тәрізді бұл сектордың өндірісі де төмендеген (2015 жылдың қаңтар-ақпан айларына қарай 0,9%-ға). Темір кенін (27,3%-ға), тау-кен өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер (8,3%-ға), көмір және лигнит өндіру (7,7%-ға) есебінен өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнім шығару елеулі түрле төмендеген.
Өңірлерге қарай көрсеткіш
1 кесте. Өңірлердегі өнеркәсіп көрсеткіштері
№ |
Облыс |
2015 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы кезең үшін ФКИ |
Өнеркәсіп өнімінің 2015 жылдағы көлемі, млрд.теңге |
2015 жылдың 9 айы үшін ЖӨӨ-дегі өнеркәсіп үлесі, % |
1 |
Ақмола |
126,2%* |
313 |
26,7% |
2 |
Қарағанды |
106,8% |
1 365 |
41,6% |
3 |
Жамбыл |
105,3% |
275 |
26,8% |
4 |
ОҚО |
104,5% |
668 |
26,9% |
5 |
Атырау |
103,2% |
3 414 |
86,3% |
6 |
Алматы |
102,2% |
554 |
27,2% |
7 |
БҚО |
102,1% |
1 260 |
71% |
8 |
СҚО |
101,5% |
168 |
20,4% |
9 |
Астана қ. |
101,2% |
344 |
6,6% |
10 |
Маңғыстау |
100,5% |
1 552 |
72,2% |
11 |
Алматы қ. |
98% |
646 |
8,3% |
12 |
ШҚО |
95,9% |
1 023 |
44,3% |
13 |
Ақтөбе |
95,4% |
984 |
57% |
14 |
Павлодар |
94,2% |
1 031 |
57,3% |
15 |
Кызылорда |
89,1% |
606 |
49,6% |
16 |
Қостанай |
80,7% |
431 |
32,2% |
*түсті градиент бағандар бойынша таралады. Қаншалықты қошқыл болса, көрсеткіш соншалықты жоғары болады
16 өңірдің 5-еуінде 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында өткен жылдың осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімін шығару деңгейінің төмендегендігі белгіленген.
ФКИ төмендеген өңірлер қатарында (1 кестедігі №11-16) негізгі өндірістің өңірлер құрамына кіретін 3 өңір бар – ШҚО, Павлодар және Қызылорда, сонымен қатар олар Ақтөбе облысымен бірге ондағы ЖӨӨ-нің жартысы өнеркәсіп секторы есебінен қалыптасатын өңірлердің қатарына кіреді.
Жоғарыда көрсетілген өңірлерде ФКИ төмендеуінің бірнеше маңызды факторларын атап өтейік:
- ШҚО-да мыс концентратында мыс, мыс-мырыш кені, мыс концентраттарын өндіру төмендеген, тазартылған алтын мен күміс өндірісі азайған..
- Ақтөбе облысында мұнай, хром кендері мен концентраттары, мыс концентраттары мен мыс-мырыш кендерін өндіру төмендеген.
- Павлодар облысында тас көмір өндіру қысқарған, ферросиликомарганең, керосин, дизельді отын мен электр энергиясы өндірісі азайған.
- Қызылорда облысында мұнай, ілеспе мұнай газы және өнеркәсіп сипатындағы қызметтер өндірісі төмендеген.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: