«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандықтардың тағамдық талғамдары жария етілді

2016 жылғы 08 Сәуір
10959 просмотров

ҰКП Қазақстанда биылғы жылдың қаңтар және ақпан айларында қанша және қандай азық-түлік түрі өндірілгенін анықтады

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жиынтық талдау департаменті 2016 жылдың ақпан айына қатысты тағам өнеркәсібінің жағдайы туралы деректерді даярлады

2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында тағам өнеркәсібі кәсіпорындарының үлесіне өнеркәсіптік кешеннің жалпы өндіріс көлемінің 7,9% тиесілі болған.

Азық-түлік өнімдерін өндіру 4,1%-ға артқан. Бұл саладағы тұрақты өсім балық өндірісінде (155,3%), шырын (141,3%) және құс еті өндірісінде (129,2%) анықталған.

Сондай-ақ, сусындар өндіру қарқынының тежелуі екі жыл қатарынан байқалған. Сусындар өндіру биылғы жылдың алғашқы екі айында 1,7 млрд. теңгеге кеміген, яғни  былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 86,4%-ға азайған. Сыра (66,8%), минералды су (94,6%) және арақ (93,1%) өндірістерінің қарқыны  анағұрлым кеми түскен. Ал шарап өндірісі болса айтарлықтай алға жылжыған (131,7%).

1-кесте. Азық-түлік өндірісінің заттай көрінісі

ЕДБ-дің тағам өнеркәсібін несиелеуі

2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы банктер тағам өнеркәсібін несиелеуді 70 млрд.теңгеге қысқартқан болатын (1-сурет). Алайда 2016 жылы бұл көрсеткіш 19,2%-ға өскен. 2015 жылдың басынан бері «ұзақмерзімді ақшаға» деген сұраныстың да азаю тенденциясы байқалған: ұзақмерзімді қарыздар үлесі екі есеге азайған.

1-сурет. Банктердің тағам өнеркәсібіне берген несиелер көлемі, млрд.теңге

Тағам өнеркәсібіне салынған инвестициялар

Экономикада орын алған жағымсыз тенденциялар тағам өнеркәсібіндегі өсімге де, бұл салаға құйылған инвестицияларға да әсерін тигізбей қойған жоқ. Зерттеуге алынған кезең аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар 2 есеге дейін кеміп, 6,7 млрд. теңге көлемінде тұрақтаған немесе өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына құйылған инвестициялардың жалпы көлемінің 8,6%. 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы инвестициялық қызметті қаржыландыру үшін   компаниялардың 83,8%-ы өз қаражатын пайдаланған. Тек олардың 16,2%-ы ғана банк несиелерін алған.

Тағам өнеркәсібі ресурстары мен олардың қолданылуы

Қазақстанда өндірілетін кей азық-түлік түрлері бойынша өндіріс көлемдері елдің ішкі сұранысын толығымен қанағаттандырмай отыр (2 және 3-суреттер). Ішкі нарықта көкөністер, шараптар және шырындар тапшы. Азық-түлік нарығында ұн (ресурстардың жалпы көлемінің 100%-ы) және ет (95%) жеткілікті мөлшерде өндіріледі. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көлемі 25,2%-ға артқан өндірілген ұнның жартысынан көбі (58,8%-ы) экспортқа жөнелтіледі.

2-сурет. 2016 жылдың қаңтар айындағы ресурстардың жалпы көлемінің құрылымы, жалпы қорытындыға шаққандағы %-ы түрінде

3-сурет. 2016 жылдың қаңтар айындағы пайдалану құрылымы, жалпы қорытындыға шаққандағы %-ы түрінде


Еншілес ұйымдар

Серіктестер