«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астық қолхаты электронды түрге көшеді

2016 жылғы 24 Наурыз
9799 просмотров

Парламент астық нарығын реттеу мәселесі бойынша заң қабылдады

Астық қолхатын қолдану ережелерін бақылайтын төрт заңға бірден өзгертулер енгізілмек. Осыған сәйкес заң бүгін Сенат депутаттарының жалпы отырысының екінші оқылымында қаралды. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне, «Астық туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

Нақтылар болсақ, заң жобасының мақсаты – астық есебінің құжаты мен бағалы қағазы саналатын, кәсіпкердің нан қабылдайтын кәсіпорындарға сақтауға өткізген астыққа жекеменшік құқығын растайтын, сондай-ақ Қазақстанның агрокешеніне инвестиция тартудың қаржылық құралы саналатын астық қолхаттары айналымын құқықтық реттеуді жетілдіру.

Жалпы отырыста Азаматтық процессуалдық кодекстің жаңа редакциясының қабылдануына байланысты, заң жобасын талқылау барысында жұмыс тобының нан қабылдайтын кәсіпорындар мен ұйымдарды уақытша басқару мәселелеріне қатысты нормаларды шығарып тастағандығы аталып өтті. Астық нарығы субъектілерінің астық қолхаттарына деген сенімін арттыру мақсатында астық қолхаттарын меморгандардың мәліметтер базасымен кіріктірілген ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электронды түрде шығаруға көшу қарастырылуда. Бұл астық қолхаттарының есебі автоматтандырылатын тізілім мәліметтерінің өзектілігін арттыруды қамтамасыз етуде маңызды.

Тағы бір маңызды мәселе – нан қабылдайтын кәсіпорындардың техникалық сыйымдылығы қолхаттарын шығаруды шектеу. Бұдан өзге, нан қабылдайтын кәсіпорындар жыл сайын жылдық қаржылық есептілігі мен аудиторлық есебін Интернетке жариялап отыруы қажет.

Соңында Сенат бұл заңды қабылдап, құжатты қол қою үшін Елбасына жолдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер