Байқау: Тері бұйымдарын таңбалау
Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы теріден жасалған бұйымдарды таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру аясында бақылау (сәйкестендіру) белгілерін таңбалауды жүзеге асыратын Екінші деңгейлі эмитенттерді анықтау мақсатында байқау жариялайды
Қатысушылар мынандай құжаттарды дайындауы қажет:
- байқау қатысушысының атынан өтінім;
- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;
- жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
- қатысушының банктен (банктерден) ашық шоттарын растайтын анықтамасы;
- қатысушының штатында IT салада жұмыс тәжірибесі бар техникалық/ IT мамандардың жұмыс істейтіндігін растайтын құжаттардың көшірмесі (жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың/еңбек шартының/еңбек кітапшасының көшірмелері);
- қатысушыда RFID-таңбасы бар, ISO стандартынының шарттарына сәйкес 18000-63 (UHF RFID хаттамасы үшін 860 – 960 МГц) диапазондық жиілігінде жұмыс істейтін бақылау (сәйкестендіру) белгілерін таңбалауды жүзеге асыратын құрылғыларының бар екендігін растайтын құжаттардың көшірмесі;
- құрылғының бағдарламалық шешімдері мен техникалық ерекшеліктері жазылған, RFID-таңбасы бар мәліметтерді оқуға және жазуға мүмкіндік беретін RFID-технологияларымен жұмыс істеуге арналған құрылғыларының бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- қатысушыда RFID-таңбасы бар мәліметтерді, Code-128 символикасындағы сызықтық штрих кодтарды оқуға мүмкіндік беретін құрылғылардың бар екенін растайтын құжаттардың көшірмесі;
- қатысушының теріден жасалған бұйымдарды таңбалауды енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру талаптарына сәйкестігін растайтын қосымша құжаттар (қатысушының өз еркінде).
Байқауға қатысу туралы өтінімдер хабарландыру жарияланған күннен бастап 2016 жылдың 29 наурыз күні сағат 18.00-ге дейін мына мекен жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қонаев көшесі-8, Б блогы, «Изумрудный» БО, 25 қабат, 2508 кабинет.
Байқау өтетін күн туралы қосымша хабарланады.
Байқау туралы барлық сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне қоңырау шалуға болады: 8(7172) 91-93-73. Сәдуақасова И.К.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: