«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мамандықтың бәрі жақсы, бәрі керек!

2016 жылғы 18 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
14780 просмотров

Қызылжар ауданының мектеп түлектері мамандықтар әлеміне саяхат жасады

Қазіргі уақытта мектеп түлектеріне күннен күнге өркендеп бара жатқан мамандық әлемінен өз бағытын таңдау қиынға түсуде. Сондықтан Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы білім ордаларымен бірлесе отырып, мамандыққа бағыттау жұмыстарын  тұрақты түрде жүргізіп келеді. Бұл бастама шеңберінде түрлі семинарлар мен кездесулер өткізіледі. Осындай кездесулердің бірі Қызылжар ауданындағы Боголюбово орта мектебінде ұйымдастырылып, оған аудан басшылығының өкілдері, бизнес субъектілері, техникалық және кәсіби білім ошақтарының өкілдері мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

«Техникалық база мен ауылшаруашылығы өндірісі технологияларының дамуы ауылшаруашылығы саласындағы кәсіби құрылымдардың өзгеруіне алып келуде. Жаңа мамандықтардың пайда болуы, механизация мен автоматтанған өндіріс процесстерін басқара алатын жұмыс түрлерінің ашылуына байланысты қажырлы еңбекті қажет ететін көптеген мамандықтарды жоюға тура келуде»,– деді  еңбек нарығындағы жағдай туралы СҚО Кәсіпкерлер палатасының Адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Владимир Литвиненко.

Сонымен қатар, ол кездесу қатысушыларына қазіргі уақытта еңбек нарығы мұқтаж болып отырған және перспективасы бар мамандықтар туралы айтып, болашақ мамандық таңдау бойынша өз ақыл-кеңестерін берді. Тілек білдіргендердің бәрі Мамандыққа бағдарлау орталықтары мен бөлімдерінде кәсіби бағдарламалау кешенінің мамандыққа бағдарлау бойынша тестілеуінен өтуге шақыру алды.  

Кездесуде болашақ талапкерлерді Жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыссыздарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалармен таныстырды.

 Өз сөзінде еңбек ардагерлері  Алексей Старчеусов пен «Боголюбово» ЖШС-нің өндіріс бойынша басшысы Ардақ Қайыров  ауыл шаруашылығы саласының ғылыми-техникалық тұрғыда дамуы, жаңа технологиялар мен техникалардың енуі ауылшаруашылығы саласының еңбекшілеріне үлкен талаптар қойып отырғанын айтып өтті.

Қатысушылардың бәрі ауылшаруашылығы қожалықтары еңбекшілерінің арнайы дайындықтары болуы керек, жаңа техникаларды басқарып, олардың барлық мүмкіндіктерін іске қосуға, өндірісті кемелдендіруге үлес қоса алатындай білімдері болуы керек деген пікірді бір ауыздан қолдады. 

Ауылшаруашылығы саласының индустриалды негізге өтуі жаңа мамандықтарды қажет етуі заңды құбылыс деп бағалады Қызылжар аграрлық-техникалық колледжінің директоры Сергей Гнеовых. Оның айтуынша, үйлестіруші шебер, кешен операторы, жонушы, электрик, электр-газ дәнекерлеуші деген мамандықтар қалыпты жағдайға айналды. Сонымен бірге, бұл мамандықтардың кез-келгенін аймақтың шеңберінен шықпай-ақ  меңгеруге болады.

Сондай-ақ, Петропавл құрылыс-экономика және Гуманитарлық-техникалық колледждерінің өкілдері және қызмет көрсету саласы  колледждерінің өкілдерімен болған әңгіме барысында  кәсіби білім мекемесін тәмамдағаннан  кейін, мамандық бойынша жұмысқа орналасуға болатынына жастар көз жеткізді.  Шара соңында мектеп түлектеріне арнайы дайындалған бүктемелер таратылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер