Ресей ЕЭО аясында дәрі-дәрмектердің бірін-бірі алмастыруын талап етуді жалғастыруда
РФ дәрі-дәрмекті тіркеу ережесіне енгізген түзетулері отандық дәрі-дәрмек өндірушілердің жалпы нарыққа шығуына кедергі келтіреді
Еуразиялық экономикалық комиссия 2014 жылдың желтоқсан айында қазақстандық тарап ЕАЭО аясында Медициналық мақсаттағы дәрілік құралдарды тіркеу және сараптамадан өткізу ережелерінің жобасын жасап шығарған болатын. Ережелердің аталған жобасы бизнес-қауымдастық, Ұлттық палатамен ҚР Үкіметі деңгейінде, сондай-ақ ЕЭК Жұмыс тобының отырыстарында бірнеше рет талқыланған. 2015 жылдың қыркүйек айында ресейлік тарап аталмыш құжатқа «бірін-бірі алмастыратын дәрі-дәрмектер» түсінігін енгізіп, соның нәтижесінде Ресей Федерациясы мен ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттер арасында елеулі түрдегі келіспеушіліктер орын алған болатын.
Ұлттық палата Медициналық мақсаттағы дәрілік құралдарды тіркеу және сараптамадан өткізу ережелерінен «бірін-бірі алмастыратын дәрі-дәрмектер» түсінігін алып тастау бойынша өз ұстанымдарын бірнеше рет алға тартқан, себебі бірін-бірі алмастыру түсінігі нақты бір науқасты емдеумен байланысты таза клиникалық міндеттерді және дәрілер сатып алумен байланысты міндеттерді шешу барысында қолданылады. Сондай-ақ, терапевтік тұрғыдан өзара алмастыру әрбір науқастың жағдайы мен жеке ерекшеліктеріне қарай емдеуші дәрігермен анықталады.
Сонымен бірге өзара алмастырушылықтың тіркеу мақсаттары (тіркеу мақсаттары – тиімділік, қауіпсіздік пен сапаны анықтау) болып табылмайтындығын атап өткен жөн. Өзара алмастырушылық мәселесі дәрі-дәрмектерді тиімділігіне қарай іріктеуге қатысты, ал бұл ЕЭО мүше әрбір мемлекетте әрекет ететін Формулярлық комиссиялардың қызметіне кіреді.
Оған қоса, «бірін-бірі алмастыратын дәрі-дәрмектер» түсінігінің енгізілуі қосымша клиникалық зерттеулер өткізу қажеттілігін туындатады. Өз кезегінде бұл дәрілік құралдарды тіркеу мерзімдерін ұзартады, кәсіпкерлердің шығындарын арттырады, сонымен бірге Одақ елдерінің фармацевтік өнеркәсібінің экспорттық әлеуетіне біршама кедергілер келтіреді. Тұтас алғанда, аталған шара Одақ нарығының шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық тұрғыдан тартымдылығын азайтады.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер (Белоруссия, Армения, Қазақстан және Қырғызстан) Ережелердің жобасына «өзара алмастырушылықтың» енгізілуіне қарсы болып отыр.
Аталған мәселеге қатысты соңғы отырыста Ресей Федерациясының өкілдері Одақтың басқа қатысушыларының қарсылықтарына қарамастан, өз тұжырымдарын нық ұстанды.
Аталған отырыста «Атамекен» ҚР ҰКП, «ФармМедИндустрия Қазақстан» Қазақстанның фармацевтік және медициналық өнімдер өндірушілерінің қауымдастығы, ҚР-дағы халықаралық фармацевтік өндірушілер қауымдастығының өкілдері өз пікірлерін білдірді, бұл мәселені Ережелерден алып тастау қажет, себебі дәрілік мәселелердің бірін-бірі алмастыруын жүзеге асыру механизмі жоқ және осы түсінікті тек енгізіп қою арқылы нарыққа жоғары технологиялық және отандық өндірушілермен шығарылған дәрі-дәрмектердің түсуіне кедергі келеді. Ресейлік тарап аталған мәселе бойынша дәлелді ұсыныстар жасамады. Ал Ұлттық палата ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік министрлігімен бірлесе отырып, өз ұстанымдарын соңына дейін қорғайтын болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: