«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның мақта өндірісіне қауіп төніп тұр

2016 жылғы 09 Наурыз
- Шымкент қаласы
22242 просмотров

Қазақстанның бүкіл мақта өндірісінің болашағы компания мәселесінің қалай шешілетіндігіне байланысты болып отыр

Мақта өңдейтін «Яссы-груп» ЖШС тарихының әуре-сарсаңы оның ОҚО Салық департаменті жүргізген тақырыптық тексерудің нәтижесімен келіспей сотқа берген 2014 жылдан басталады. Сот ісінің мәні фирманың салықтық қосымша төлем сомасымен келіспеушілігі болды, аталған жағдай салықшылардың салық төлемдерінің және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдердің дұрыстығын тексеру барысында анықталып, 194,4 млн. теңгені құраған. «Яссы-групп» фирмасы 90 пайызы Ресей кәсіпкерлеріне жөнелтілетін оңтүстікқазақстандық аршылмаған мақтаны қайта өңдеумен айналысады.

Сот отырысына ОҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары және Қазақ мақта қауымдастығының өкілдері қатысып, «Яссы-групп» компаниясының пайдасына дәлелдер келтірді. Атап айтқанда, тексеру барысында салық мамандарының ҚР заңнамасының трансфертті тариф құру мәселелерін реттейтін нормаларының дұрыс қолданбағандығы анықталған. Салық департаментінің мамандары мақтаның нарықтық бағалары туралы ақпараттың ресми көзін таңдауда да қателікке жол берген. Неге екені белгісіз, тауардың нарықтық бағасын анықтау барысында салық мамандары онда ешқашан қазақстандық мақта болмаған Соtton Limited агенттігінің баға белгілеуін есепке алмаған. Аталған жағдайда Соtton Limited баға белгілеуі қолданыла алмайды, себебі олар Оңтүстік-Шығыс Азия (Малайзия, Тайланд, Сингапур және тағы басқа) елдерінің базарларына жіберілетін мақтаның бағалары туралы ақпаратты жариялайды. Алайда оңтүстікқазақстандық компания мақтаны Ресейге жіберіп отырған, сондықтан мақтаны Ресей Федарациясына жеткізу географиясына негізделген «Баға-Дайджест» бюллетенінің бағаларын негізге алу қажет. Салықтарды есептеу кезінде компания дәл осылай істеген де болатын.

Нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының алқасы бірінші инстанция сотының шешімін жоққа шығарып, «Яссы-групп» ЖШС шағым-талаптарын қанағаттандыру, ОҚО бойынша Салық департаментінің әрекеттерін заңсыз деп тану туралы шешім қабылдады. Сонымен, салық органының жалпы сомасы 194 млн. теңгені құрайтын хабарлама ұсынуына негіздеме жоқ. Бірақ мәселе мұнымен де бітпеді.

Мақта компаниясының ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне хабарламаны кері қайтару туралы жіберген талаптары бірнеше рет елеусіз қалдырылды. Мемлекеттік мекеме хабарламаның Облыстық соттың кассациялық инстанциясында сот шешіміне шағым келтірілуі себепті кері қайтарылмайтындығын алға тартты.

Осыған байланысты ОҚО Кәсіпкерлер палатасы аталған іске екінші рет араласып, Мемлекеттік кірістер департаментінен хабарламаны кері қайтаруды талап етті.

2015 жылдың 18 мамырында «Яссы-групп» ЖШС салықтық тексеру актісінің негізінде жазып берілген хабарламаның Мемлекеттік кірістер департаментімен кері қайтарылғандығы туралы растаманы алады. Ал жарты жылдан кейін, 2015 жылдың 25 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының Апелляциялық сот алқасы бірінші инстанциядағы сот шешімін жоққа шығарады. Өз тұжырымдарын дәлелдеу үшін салық органы сатып алушы – «Рейнпорт» компаниясының оффшорлық аймақта тіркелгендігі туралы айғақты алға тартқан.

Десек те, ҚР «Транасферттік баға белгілеу туралы» Заңында «осы Заңның мақсаттары үшін шарт шеңберінде тауардың құжаттамалық расталған әрбір берілімі мәміле болып танылады, ал өткізу бағасын нарықтық бағамен салыстыру сатып алушының тіркелген еліне қарамастан, тиісті тауарлар нарығында ғана жүзеге асырылатындығы» қарастырылған.

2016 жылдың 21 қаңтарында апелляциялық алқаның қаулысы негізінде салық органы «Яссы-групп» ЖШС атына бершекті өтеу туралы хабарлама жіберген. Қазіргі уақытта мақта компаниясы ҚР Жоғарғы сотының Сот алқасына осы шешімді қайта қарастыру туралы өтініш берген.

ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы жағдайдың маңыздылығын түсініп және Қазақстандағы мақта саласы тағдырының осы жағдайдың қалай шешілетіндігіне байланысты екендігін ескере отырып, құрамына ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі және Қазақ мақта қауымдастығының мамандары кіретін жұмыс тобын құрды. Осы жұмыс тобы көптеген отырыстар мен жиналыстар өткізіп үлгерді. ҚР премьер-минитсрі К.Мәсімовтің төрағалық етуімен өткен осындай жиналыстардың бірінде Ауыл шаруашылығы министріне «Мақта талшығы экспортына трансферттік баға белгілеу ережелері» жобасын дайындау  тапсырылған болатын. Әдістеме жобасы ауыл шаруашылығы министрлігі, ҰКП және Қазақ мақта қауымдастығында келісіліп, Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында жарияланған. Содан кейін белгілі бір өңірге мақта жеткізу кезінде нарықтық бағалар туралы қандай ақпарат көздерін қолдану керектігі айқын көрсетілген әдістеме жобасы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қарауына жіберілген.

Сондай-ақ, Ұлттық палата ҚР Бас прокуратурасының атына «Яссы-групп» ЖШС-нің ОҚО соты апелляциялық сот алқасының қаулысын кассациялық тәртіпте қайта қарау туралы ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының атына берілген өтінішін қолдау туралы хабарлама жіберген болатын. Ал 10 наурыз күні аталған мәселе «Атамекен» Ұлттық Палатасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінде, Ғани Қасымовтың төрағалығымен өтетін отырысында қаралатын болады.


Ұқсас жаңалықтар:

Мақташылар табысы 20 пайызға ұлғайды
5 Қазан
2015
Шымкент қаласы
Мақта өндіру үдей түсе ме?
10 Тамыз
2015
Шымкент қаласы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер