«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мақта өндіру үдей түсе ме?

2015 жылғы 10 Тамыз
- Шымкент қаласы
20107 просмотров

Жыл өткен сайын Қазақстанның оңтүстігіндегі мақта егістіктері қысқарып келеді. Диқандарға бұл дақылды өсіру тиімсіз болып отыр.

Миллионға жуық оңтүстік-қазақстандық, ал бұл ОҚО халқының үштен біріне шамалас, мақта өсіруден түсетін табысқа сүйенеді. Бірақ мақта шаруашылығы оңтүстік өңірдегі ауыл шаруашылығының басымдылықты саласы болып танылғанына қарамастан, жыл сайын аталмыш дақылды егетін егіс алаңдары, өкінішке орай, қысқарып келеді.

Оған түрлі себептердің кесірі тиіп отыр – табиғат жағдайының ыңғайсыздығы, суаратын судың тапшылығы, зиянкестердің әсері… Бірақ табиғи жағдайлармен арадағы қиындықтармен бірге мақта индустриясының дамуында жақында ғана Шымкентте өткен бейресми форумда талқыланған бірқатар басқа да мәселелер баршылық.

Спикерлердің айтуынша, мақтаны технологиялық күтіп-баптау – айтарлықтай көп еңбекті қажет ететін процесс. Ол егісті жинаумен аяқтала қоймайды. Жұмыстың алғашқы кезеңі – алаңды егістікке мелиорациялық даярлау мен соңғысы – топырақты арамшөптер мен зиянкестерден өңдеуге дейінгі аралықта кем дегенде 15 аралық кезең бар. Онсыз сапалы өнім алу мүмкін емес.

Ал мақтаны жинаушылар бір келісіне 17 теңге ғана алады. Шыжыған күн астындағы ауыр жұмыс үшін тапқан табыс күніне шамамен 400 теңгені құрайды. Мұндай төмен еңбекақымен мақтаға деген құбылмалы әлемдік баға көбіне оның өндірісіне кететін шығынды ақтай қоймайды. Мақта өндірісіне ілесе жүретін тәуекелдердің қысымымен көптеген кәсіпкерлер саланы тастап кетеді.  

«Қазақстанда өндірілетін мақта талшығы көлемінің шағын болуына байланысты (көршілес жатқан Өзбекстаннан жыл сайын 1 000 000 тонна талшық экспортталатынын ескере отырғанда), біздің мақта бірде бір биржада сатылмайды», - дейді Қазақ мақта қауымдастығының төрағасы, ОҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Сайын Бақтыбаев. - «Сондықтан да қазақстандық мақтаның бағасын биржалық баға белгіленіміне таңу мүмкін емес, және де экспортшылар мақта талшығын сұраныс пен ұсыныс бағасы бойынша тікелей сату әдісімен сатады».

"Мақта дегеніміз – ОҚО үшін ғана емес, күллі ел үшін маңызды дақыл», - деп атады мақта өсіру ҒЗИ бас директоры Ибадолла Үмбетаев. – «2020 жылға қарай мақта егістігін 75-80 мың гектарға дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз, бүгінде аталмыш дақылға 102 мың га берілген. Сонымен бірге өнімділікті 350 мың тонна аршылмаған мақтаға дейін ұлғайту керек".

Спикерлер күллі әлемде мақта алаңдарының қысқаруы жүріп жатқанын сөз қылды. Егер 5 жыл бұрын дүниежүзінде аталмыш дақылды 30 млн гектар жерге отырғызған болса, биылғы жылы – тек 4 млн гектарға. "Бүгінде Еуропа елдерінде аршылмаған мақтаны терең қайта өңдеу төмендеп отыр. Бұл жұмыс Азия өңіріне тиесілі болады. Бұл біз үшін жағымды дүние – мақтаны экспорттауымызға болады", - дейді Ибадолла Үмбетаев.

Әрине, ол үшін мақта саласының дамуын тежеп отырған көптеген түйткілдерді шешу қажет. Қазірдің өзінде ОҚО-да мақта саласына инновациялық әдістерді енгізіп, қолмен жинау көлемін қысқартуға тырысып бағуда. «Мақта шаруашылығы» ҒЗИ деректеріне сүйенсек, Мақтаарал ауданында былтырғы жылы 50%-дан астам мақтаны машинамен жинаған, ал биылғы жылы егістіктің 70%-дан астамын машинамен жинау жоспарланып отыр.

Ең өзекті түйткіл – бұл топырақ мелиорациясы. Барлық мақта егуші аудандардағы жер орташа және әлсіз тұздалған. Олар өнімділікті орташа алғанда 5-6% төмендетеді. Тағы бір түйткіл бар – тұқым шаруашылығы. Көптеген диқандар сортты тұқым екпейді, бұл да өнімділікке әсерін тигізеді. Соңғы екі жылда шаруа қожалықтары тұқым шаруашылығымен айналысқан жоқ. Үш жыл бұрын ОҚО-да 23 тұқым өсіру шаруашылығы болған, қазір 9 шаруашылық қалыпты және оларға қолдау қажет.

Форумда Оңтүстік Қазақстан облысының 4500 мың тонна тұқымға мұқтаж екені аталды. Бүгінгі таңда бұл көлем екі есе төмен. Сондықтан да диқандар сортты емес, көбіне техникалық тұқымдар егеді, бұл да егістік сапасынан көрініс береді.

Салада басқа да түйткілдер толып жатыр, әсіресе, еңбек саласында. Форумға қатысушылардың жалпы қорытындысы бойынша, оларды тез арада шешу ОҚО-да толыққанды тоқыма кластерінің қалыптасуына жағдай жасайды.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер