Кәсіпкер әйелдер қай қырымен мықты?
Қостанайлық әйелдер кәсіпкерліктікті белсенді түрде игеруде
Бұған өңірдің кәсіпкерлер палатасы филиалдарының қолдауымен іске асырылып жатқан жаңа бизнес-жобалардың саны дәлел бола алады.
Палата мамандарының айтуынша, нәзік жандылар көптеген жағдайларда шағын бизнесте белсенділік танытып жатады. Виктория Асташова – сондай жандардың бірі.
Өткен жылдың желтоқсан айында ол Тарановка ауылында 12 орындық жаңа кафе ашқан болатын. Бұның алдында тендер бойынша қоғамдық тамақтандыру қызметтерін ұсынумен айналысқан, алайда жұмыс арасында дәмді түскі ас ішуді қалайтындардың көп екендігін түсінген соң қызмет аясын кеңейту керек деп шешеді. Кафеге өзімен аттас әрі қысқа ғана – «Виктория» деген атау берді.
«Ғимаратты жалға алдым, түскі астар, кешенді тағамдар дайындап, тапсырыстар қабылдай бастадық. Аудан орталығында кафеміз бар, бірақ ол тек кешкі уақытта жұмыс істейді. Біз қажет болса таң атқаннан түнге дейін жұмыс істей береміз. Халық дәмін татып көріп, өз бағасын берді. Біртіндеп көпке танылып келеміз»,– дейді Виктория.
Бәсекелестіктен Татьяна Величанская да тайсалмады. Ол жаңа дүкен ашқан Ұзынкөл ауылында сауда нүктелері жоқ емес. Татьяна үлкен ассортимент пен қолжетімді бағаларға басымдық берді. Кәсіпкерлерді қолдау орталығы (КҚО) оның тіркеуден өтуіне, лицензия алуына, ғимараттың құжаттарын ресімдеуге көмектесті. Өзін өзгеше сипатта танытудың басқа жолының болмағандығын мойындайды ол.
«Жұмыстан қысқартылмай тұрып аға сатушы болып жұмыс істедім. Сондықтан саудада тәжірибем бар. Өз дүкенімді неге ашпасқа деген ой сол себепті де пайда болды. Әзірге қомақты пайдаға қол жеткізбедім, бірақ сатып алушылар бар, тауарларымыздың түрі де көп, үстінен көп ақша қоспаймыз. Алдағы уақытта ГАЗель алып, тауарды өзім әкелсем деймін, сонда ешкімге тәуелді де болмас едім»,–дейді Татьяна Величанская.
КҚО мамандарының айтуынша, нәзік жандылардың кәсіпкерлік белсенділігі әр аумақта әрқалай. Алтынсарин ауданында Палата менеджерлерінің қолдауымен іске асырылған 29 жаңа бизнес-жобаның 17-сін ер адамдар ашса, 12 бизнес-жоба әйелдердің еншісінде. Сарыкөл ауданындағы 31 жобаны әйелдер жасаса, 36 жоба – ерлердікі, Қостанай ауданында 14 жоба ерлердің күшімен іске асса, 4 жоба әйелдердің күшімен жүзеге асуда.
«Тұтас алғанда, еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 41,5%-дан астамын әйелдер құрайды. Өз тәжірибелеріне қарай әйелдер негізінен тауар ұйымдары жұмыстары немесе қызметтерімен айналысуды қалайды. Халық тұтынатын тауарлар өндірісі, туризм, сақтандыру, жарнама, маркетинг... Біріншіден, бизнес-леди әрбір тиынды есепке алады, екіншіден әйелдердің бастамасы ерлерге қарағанда жасампаз идеяларымен, оларды дамыту әдістерімен ерекшеленеді. Бүгінде осыған дейін ерлерге тән жұмыс деп есептелетін көп қызмет түрлерін нәзік жанды әйелдердің де үйіріп әкете алатындығын сенімді түрде айтуға болады»,– деп атап көрсетті Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Гүлмира Ахметова.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: