Арзан автокөліктің болашағы бар
Қазақстанда арзан шетелдік көліктерге деген сұраныс соңғы бірнеше жыл бойы тұрақты болып қалуда
Қазақстандық автодилерлер мен автоөндірушілерге, шамасы, өздерінің баға саясатын қайта қарауға тура келетін тәрізді. Бүгінгі Kazakhstan International Automotive Forum барысында «Аллюр» (Allur Group) компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстандық автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев осындай болжам жасады.
Форум Астана қаласында бүгін ашылған қосалқы бөлшектер, автокөліктің құрамдас бөліктері және автокөліктерді техникалық қамтамасыз ету құрал-жабдықтарының арнайы көрмесі шеңберінде өтті.
Ол ҚР-ға заңсыз көліктер әкелу едәуір өскенін атап өтті. «Қазақстандық ЖІӨ өскенмен де, сіздер мен біздер, кәсіпқой ретінде, автонарық ЖІӨ-нің ілесе жүретінін білеміз, бірақ бізде Ресей рублінің девальвациялануы және теңге тепе-теңдігінің бұзылуы салдарынан заңсыз импорт ұлғайды», – деді Лаврентьев.
Ол «Қазақстан өткен жылдың соңында теңге бағамын ұстап тұруға байланысты шешімді бәрібір қабылдағанын» еске салды.
«2014 жыл тұрғысынан қарағанда бұл үлкен ықпал етті. Тек 4 айдың ішінде РФ-дан автокөлік сатып алу үшін валюта түрінде 4 млрд-тан астам доллар шығарылған. Бұл импорттаушыларға да, өндірушілерге де өте ауыр соққы болды», – деп атап көрсетті А. Лаврентьев.
Жағдайды Үкіметтің «Қазақстанда құрастырылған автокөліктер сатып алу үшін жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы бойынша батыл іс-қимыл жасауы» құтқарып қалды, мұның өзі, «Аллюр» қожайынының айтуынша, «ел ішіндегі өндіріс көлемін бірден ұлғайтты». Жағдай «Евро-4 стандарттарына жауап бере алмайтын автокөліктерді әкелуге тыйым салуды енгізген Үкіметтің» көмегімен де түзелді.
«Секонд-хэнд (автокөлік – ред.) құлап тынды және 3%-ға тоқтады», – деп мәлімдеді Лаврентьев.
Қазақстандық автобизнес қауымдастығы басшысының мәліметтері бойынша, автонарықтағы жағдай елдегі автосауда көлемін өзгертуге көмектесті.
«Жалпы алғанда, жеңілдік бағдарламалары (автонесиелеу – ред.) нәтижесінде тамыз айындағы теңге диспаритеті, шын мәнісінде, қалыпты жағдайға келтірілген кезде, Қазақстанға авто секонд-хэндтің тоқтатылуына орай 18% болуы – бұл қазақстандық өндіріс машиналарының құрылымында іске асыру нәтижелері. Нарық тұрғысынан қарағанда 5%-ға «түскен» сияқты. Онша көп те емес, дегенмен, жалпы, құлау үлкен, бірақ, нарықты алсақ, онша үлкен де емес», – деп санайды Лаврентьев.
Сонымен қатар, қазақстандық автонарықта «арзан автокөліктер сегменті едәуір өсті». «Яғни, 10000, с 5000 до 15 000 шартты бірліктен төменнің бәрі үш есеге өсті (сату – ред.)», – деп хабарлады Лаврентьев.
«Сарапшылардың бағалауынша, 2020 жылға дейін дәл осы 15 000 ш.б. дейінгі арзан сегмент трендте болады және өсе береді. Демек, жағдаят өзгере қоймайды», – деп түйіндеді «Аллюр» басшысы.
Жанар Сердалина
Пікір қалдыру:
Пікірлер: