«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Наубайшының әлеуметтік жауапкершілігі

2016 жылғы 22 Ақпан
- Қостанай облысы
12608 просмотров

Лисаков қаласындағы кәсіпкер әйел мұқтаж жандарға тегін нан таратты

Нан зауытының директоры Гүлім Сандыбаева экономикалық қысылтаяң шақта жерлестеріне осылай қолдау көрсетіп отыр

Ол аптасына үш рет, дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері екі сауда нүктесінің сөрелерін жаңа піскен нанмен толтырып қояды. Әр сөреге – 30 бөлке наннан. Сөренің үстіне «Мұқтаж болсаңыз нанды тегін алуыңызға болады» деп жазылып қойған.

«Биылдан бастап нан бағасы қымбаттағандықтан, біз әріптестерімізбен ақылдасып, тұрғандарға азғантай көмек жасағымыз келді. Біз нандарды кімдер алып жатқанын қадағаламаймыз, адамдардың ар-ожданына сенім артып, олар көмекке мұқтаж жандардың асына ортақтаспайды деп үміттенеміз», – дейді Гүлім Сандыбаева.

Кәсіпкер бұл қайырымды істі жарнама үшін істеп жатпағандығын, алайда үнсіз жасалған жақсы іс тез таралып кеткендігін айтады. Palata.kz сайтына пікір білдірген кәсіпкер әйел әрбір адам, әсіресе кәсіпкер қолынан келгенше айналасындағыларға қол ұшын созуы керек деп санайды.

Қостанай облысында мұндай игілікті іс бірінші рет орын алып жатқан жоқ. Наурызым ауданы Шолақсай ауылында бір бөлке нан бірнеше жылдан бері 25 теңгеден сатылып келеді.  Алдағы уақытта да бұл нанның бағасын өсіру жоспарланып отырған жоқ. «Біздің кәсіпорынның өз диірмені, өз наубайханасы, өз сапалы астығы бар. Мен осында туып өстім, егер ауылдастарыма нанды 50-60 теңгеден сатсам, ол ісім дұрыс болмас еді», – дейді «Шолақсай» ЖШС директоры Мәди Ихтиляпов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер