Ақшаның оралғанын күтеміз
Қаржы министрлігі заңдастыруға қатысушылар үшін жаңа ынталандыру ұсынды
Шетелдік активтерді, тіпті ол сенімді басқаруда жатса да заңдастыру. Мұнай қадамды бүгін Қазақстандағы заңдастыру қарқынын жайлы талқылау жайлы Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ұсынды.
«Бизнес-қауымдастық өкілдерінің сенімді басқарулар мен үлкен мүдделердегі ірі көлемдегі қаржыға қатысты сенімдері болған. Өзгертулер енгізілді, алайда сенімдегі ешқандай шетелдік мүлікті заңдастыру фактісі байқалмады», – деді Сұлтанов.
Қаржы министрінің пікірінше, бұл жаңалықты жарнамалау үшін «сәтті мысал» қажет.
Заңдастыруды өте қарқынды жүргізу үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын тарту жайлы Қаржы министрлігінде ұсыныстар болды.
«Шетелде мүлкі бар әлеуетті инвесторларға кеңес беру үшін «Атамекен» ҰКП-ның базасынан Қаржы министрлігі, Бас прокуратура, халықаралық құқық заңгерлері және Ұлттық банк өкілдерінен тұратын арнайы байланыс тобын құруды ұсынамын», – деді Б.Сұлтанов.
Сондай-ақ, Қаржы министрі «мүлікті заңдастыру қауіпсіздігін кепілдендіру акпектілері, инвестиция жасау мүмкіндігі, халықаралық салық төлеу және қылмыстық жолымен табылған кірістерді жасыруға қарсы тұру стандарттары және т.б. түсіндіріретін» топ құру жайлы да ұсыныс айтты.
«Сонымен бірге кірістерді заңдастыру – капиталды автоматты түрде қайтару деген сөз емес. Шетелдік қаржылар бірнәрсеге құйылған шығар. Сондықтан, бізге тиімді инвестициялау үшін жағдайлар мен тетіктер құру қажет» – деді Б.Сұлтанов.
Бұдан бөлек, Қаржы министрі шетелге кеткен қаржаттың болжамды көлемін де хабарлады.
«Әрине, шетелдегі ақшаның көлемі қанша деген сұрақ бар. Төлем балансының деректеріне сүйенсек 2007 жылдан бері (яғни, соңғы заңдастыру кезінен бастап), 9 жыл ішінде «Қателіктер мен өтіп кетулер» бабы бойынша шығарылған сома көлемі шамамамен 20 млрд. долларды құрайды» – деген министр, әрі қарай, бұл «жанама» болуы мүмкін, дегенмен «статистикалық жалғыз көрсеткіш» деп сөзін толықтырды.
Осыған орай, Қаржы министрі Б.Сұлтанов «шетелде жатқан ақшаны заңдастыруға бізде резервтер бар» екеніне сенетінін айтты.
«Ақша ақшаны табу керек. Ірі қаржылар ірі жобаларда айналады. Инвестиция жасау үшін Қазақстанда бүгінде шынайы мүмкіндіктер бар – бұл жекешелендіру нысандары, бірінші кезекте, ТОП–65», – деді Б.Сұлтанов.
Жанар Сердалина
Пікір қалдыру:
Пікірлер: