«Атамекен» Ұлттық палатасында жаңартылған Мемлекеттік индустриялық-инновациялық бағдарлама таныстырылды
Ұлттық палата басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов бизнеске шаралардың жиынтығы емес, нақты ойын ережесі қажет деп есептейді
«Екінші бесжылдық біршама күрделі жағдайда басталды. Мемлекет басшысы барлық шарттарды ескере отырып 1 сәуірге дейін мемлекеттік инновациялық даму бағдарламасын өзектендіруге тапсырма берді. Бұл экономиканы әртараптандыруға бағытталған негізгі бағдарламалардың бірі. Бағдарлама шаралар жиыны және жобалар картасы болмауға тиіс деген пікірді қолдағым келеді, ол алғаш рет инвестициялық климатты таргеттеуді міндет тұтып отыр. Бизнеске заңнамалық базаның, құралдардың жұмыс жасау жолдары, қатысу ережелері, жобалардың іріктелу тәсілдері, таңдалып алынатын салалар, басымдылықтардың таңдалу себептеріне қатысты нақты ережелер қажет. Инвестициялық климатқа, бизнес-климатқа мониторинг жүргізу – бұл қазірде ерекше маңызды», - деп мәлімдеді Абылай Мырзахметов Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен МИИДБ екінші бесжылдығы жөніндегі аймақтық жиналыста сөз ала отырып.
ҰКП басқармасының басшысы екінші бесшылдықта оның республикалық және өңірлік екі деңгейден тұруының маңыздылығын атады. Республикалық деңгейде Инвестициялар және даму министрлігі Ұлттық палатамен бірге салалар бойынша ең басты жобаларға мониторинг жасайды. Өңірлер – толығымен Палата мен жергілікті атқару органдарының қоластында. «Бұл жұмысқа кірісіп те кеттік. Өңірлік картаны даярлап қойғанбыз, ақпан айында таныстыра аламыз. Ол баршаға қолжетімді, үнемі өзектендіріліп тұратын болады. Өңірлердің шынайы факторлар, нарықтар, тарихқа орай мамандануы сақталса дейміз. Жергілікті билік айналысуға тиіс басты фактор бұл бизнес-климатты жақсарту жұмыстары, кедергілерді жою және бизнес үшін түсінікті шарттар жасақтау», - деп атады ол.
ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Рахим Ошақбаев мемлекеттік бағдарламаның қанадй өзгерістерге ұшырағанын айтып берді. «Бірінші кезекте форматы өзгеріп отыр. Оны толығымен оқылуды білдіретін White pepper форматында жасауды болжап отырмыз. Өңдеу өнеркәсібін назарда ұстап, сервистік құрамдастарды басқа бағдарламаларда, соның ішінде қызметтер және басқа да салаларды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында жүзеге асыруды ұсынамыз», - деді ол.
«Салалар мен кәсіпорындарды тікелей қолдау шараларынан принципті түрде бас тартып, біршама үйлесімді ішкі құрылымды ұсынғымыз келеді. Кезінде, бюджет табысы айтарлықтай қомақты болған кездері, қандай да бір салаларға, тіпті жекелеген салаларға тікелей инвестициялар жасалуына жол бере алғанымызды білесіздер. Қазір бюджетте мұндай мүмкіндіктер жоқ. МИИДБ мақсаты өңдеу өнеркәсібінде бәсекеге қабілеттілік өсуіне жағдай жасау болып табылады. Негізгі назарды өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары үшін жалпы деңгейлес жағдай жасауға бұрғымыз келеді», - деп жалғады сөзін Рахим Ошақбаев.
Вице-министрдің сөзіне сүйенсек, бағдарламада өнеркәсіптің жекелеген салаларының дамуына күш салынады. «Бұл қандай да бір саланы дамытудың Жол картасында көрсетіледі. Әзірше көрсеткіштеріне қарай 6 басымдылықты саланы айқындап отырмыз, алайда мұнымен шектелмейміз. Үшінші құрамдас – кластерлер құрылуы», - деді ол.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: