«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан Украинадан жүк жеткізудің басқа да жолдарын іздеуін жалғастыруда

2016 жылғы 19 Қаңтар
10800 просмотров

Қазақстандық импортшылар қандай жағдайларда РФ шекарасы арқылы украиналық тауарларды алып өте алады?

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресейдің Украинадан Қазақстанға жүкті транзиттік тасымалдау туралы жарлық енгізгенін еске саламыз. Аталмыш құжатқа сәйкес, украиналық жүктер Белорустан жөнелтілген жағдайда ғана тасымалдана алады.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Дана Жүнісова хабарлағандай, ҰКП бүгінде украиналық тауарларды импорттау шарттары бойынша кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуде.

«Ресейлік тараптан транзит шартын тәптіштеу жайлы біршама егжей-тегжейлі ақпарат алу мақсатында Ресей мен Белорустың уәкілетті мемлекеттік органдарына жүгіндік. Украиналық тауарларды импорттаушы қазақстандық кәсіпорындар тізбесі құрылған, онда Ресейдің Федералдық қызметіне беру үшін 2016 жылға арналған келісімшарттар мен қажет жеткізулер көрсетілген. Тізбеге енгізілген қазақстандық кәсіпкерлерге ЕАЭО заңнамасын (салықтық, кедендік, көлік) бұзу болмаған жағдайда жүру жолы бойында қарауылмен жүру қажеттігінен босатумен «жасыл дәліз» ұйымдастырылады деп болжануда», - деп атады Дана Жүнісова.

ҚР ҰКП қазірде Тізбеге бұрын енгізілмеген кәсіпорындарды қосу жөнінде жұмыс жүргізуде. Осыған орай Украинадан тауар импорттаушы кәсіпкерлердің аталмыш Тізбеге енгізілу мәселесі бойынша ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне жүгінуі сұралады.

Дана Жүнісова сонымен қатар қазіргі сәтте Қазақстанға Украинадан жүк жеткізуді жүзеге асыру үшін баламалы бағыттарды қолдану мүмкіндігі пысықталып жатқанын айтты. Атап айтқанда, «Украина (Ильичевск) -  Грузия (Поти/Батуми) - Әзербайжан (Баку) - Қазақстан (Ақтау)» бағыты бойынша Қара теңіз және Каспий теңізімен келе жатқан паром арқылы автомобильдік, Түркия, Иран, Түркіменстан және Өзбекстан арқылы құрлықтағы автомобильдік және «Украина (Ильичевск) - Грузия (Поти/Батуми) - Әзербайжан (Баку) - Қазақстан (Ақтау)» бағыты бойынша темір жол.

«Украинадан Қазақстанға импорттың негізгі номенклатурасы – бұл тамақ өнеркәсібі, фармацевтика, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс өнеркәсібі, тау-кен металлургия кешені, өңдеу өнеркәсібі, АӨК тауарлары», - деп хабарлады ол.

2015 жылы 1503 қазақстандық кәсіпорынның украиналық кәсіпкерлермен сыртқы сауда қызметін жүзеге асырғанын атап өту керек.

«Украинадан әкелінетін тауардың қымбаттайтыны сөзсіз, алайда бүгінгі таңда нақты есептеулер жайлы айту мүмкін болмай отыр, себебі жүк транзитінің жаңа тәртібі енгізілуіне байланысты ілеспе шығындар бойынша ақпарат жоқ. Ресейлік тараптың украиналық тауарларға қатысты қабылдап жатқан шараларын ескере отырғанда, қазақстандық нарықта аталмыш өнім құнына, әрине, алып жүру, уақытша сақтау қоймасы және өзге де қосымша шығыстар түріндегі қаржы жүктемесі, сонымен қатар балама бағыттарды қолданумен байланысты шығыстар қосылады», - деп атады ҰКП өкілі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер