«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қазақстан темір жолының» әрекеті негізді болған

2016 жылғы 13 Қаңтар
10357 просмотров

«Атамекен» ҰКП «Қазақстан темір жолы» ҰК акционерлік қоғамының ТМД және Балтық елдерінен астық тасығыштарды қабылдауға салынған тыйым туралы шешімін анықтады

5‑15 қаңтар аралығында «Қазақстан темір жолы» ҰК акционерлік қоғамының ТМД және Балтық елдерінен астық тасығыштарды қабылдауға уақытша шектеу қойғанын атап өтейік. Ал Қазақстан аумағымен транзиттік қатынасқа тыйым салған жоқ.

Алайда «Қазақстан темір жолы» ҰК аталмыш шешімі ресейлік вагондар операторлары тарапынан теріс реакция тудырды.

ҚТЖ аталмыш шараның үстіміздегі жылдағы қаңтар айының бірінші жартысында астық тиеуге жүк тасымалдаушылардың өтінімдері бомағандығы салдарынан мәжбүрлі түрде орын алғанын түсіндірді.

Сондай‑ақ Тәуелсіз елдер достастығы және Балтық елдерінің темір жол әкімшіліктері ынтымақтастығы 1992 жылы құрылған Достастыққа мүше мемлекеттердің темір жол көлігі кеңесі (ЦСЖТ) аясында жүзеге асырылатыны белгілі.

Темір жол көлігі жөніндегі кеңес 1996 жылғы 5 сәуірде бекіткен бас мемлекеттер меншігіндегі жүк вагондарын пайдалану, қолданғаны үшін жоспарлы есепке алу мен есептеулер қағидаларына сәйкес, мұндай тиеу туралы конвенциялық тыйымдарды сәйкес темір жол әкімшілігі орнатады.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы белгіленген қағидалар бойынша әрекет ете отырып, 2016 жылғы 2 қаңтарда ЦСЖТ‑ға ТМД елдерінің барлық станцияларынан барлық темір жол әкімшіліктерінің жеке және жалға алынған бос астық тасығыштарын қабылдауға, беруге тыйым салынатыны туралы телефонограммамен хабарлады. Кеңес Дирекциясы өз кезегінде конвенциялық тыйымды жариялап, ол үстіміздегі жылдың 5 қаңтарында күшіне енді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ақпаратына сүйенсек, 2016 жылғы 15 қаңтарда тыйымның күшін жою жоспарланып отыр.

Еуразиялық интеграция аясында «ҚТЖ» ҰК АҚ әрекетінің заңдылығы мәселесіне келер болсақ, Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың вагондар операторлары мен инфрақұрылым операторлары арасындағы әрекеттестікті реттеуді көздемейтінін атап өту керек.

Операторларға қатысты инфрақұрылым қызметтеріне қолжетімділік қағидалары ұлттық деңгейде, сонымен қатар ЦСЖТ аясындағы келісу аясында белгіленеді.

Оның үстіне, Одақтың трансшекаралық нарықтарында жалпы қағидалар мен бәсекелестік қағидаттары сақталуы туралы айтар болсақ, онда нарықты трансшекаралыққа жатқызу критерийлеріне сәйкес, тауар нарығының географиялық шекарасының екі немесе одан да көп тараптар аумағын қамтуға тиіс екенін түсіну қажет. Ал бұл жағдайда олай болмай отыр.

Алайда «ҚТЖ» ҰК» АҚ аталмыш тыйымымен қазақстандық темір жолмен тасымалдаулар нарығының басқа қатысушыларының мүдделерін бұзған жағдайда аталмыш мәселе ұлттық заңнама құзыретіне жатқызылады және оны ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті тұлғасындағы уәкілетті мемлекеттік органның қарауы тиіс.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер