«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Нұржан Әлтаев ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

2014 жылғы 05 Наурыз
10294 просмотров

Нұржан Әлтаев ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. 

Нұржан Әлтаев жаңа қызметінде әлеуметтік саланы, атап айтқанда техникалық және кәсіптік білім беру, әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын дамыту мәселелеріне қатысты жұмысқа басшылық жасайтын болады. 

Мәлемет үшін: Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. «Қайнар» университетін (1999 ж.), Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік университетін (2004 ж.), Академиялық инновациялық университетін (2012 ж.) тәмамдаған. Еңбек қызметін 2003 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттер мәселелері жөніндегі проректоры қызметінен бастаған. 2004 жылдан 2007 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің халықаралық құқық департаментінің жетекші маманы қызметін атқарған. 2007  2010 жылдары «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ менеджері, бас менеджері, Басқарма мүшесі - Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры, директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарған.  2010 -2011 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы қызметінде болған. 2011-2012 жылдары «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығының бас директоры қызметін атқарып, 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «ОҚО кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС директоры қызметінде.  2013 жылдан 2014 жылғы наурызға дейін  Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы директорының қызметін атқарған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер