«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы жаңа заңның бизнеске берері бар ма?

2015 жылғы 24 Желтоқсан
13643 просмотров

Уәкілетті органдар өкілдері құжаттың негізгі жаңалықтарын түсіндірді

«Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» жаңа заң үстіміздегі жылдың қараша айында қабылданған болатын. Аталмыш заңды жүзеге асыруда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына үлкен роль беріледі. Отырыс басында ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов атап өткендей, таяу араға дейін МЖӘ ұғымы тар шеңберді қамтып келген. «Жер-жерлерде оны концессия немесе мемлекеттік тапсырыс ұсыну туралы шарт ретінде түсініп келген. Жаңа заң аталмыш бағдарламаға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді», - деп атады ол.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі МЖӘ дамыту департаментінің директоры Нұрым Аязбаев өз кезегінде қаңтар айынан бастап жергілікті атқару органдары мен бизнес-қоғамдастық үшін заң нормаларын түсіндіру бойынша семинарлар өткізілетінін хабарлады. «8 қаңтарда - Астанада, оған Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары және Астана қаласы шақырылып отыр. 14 қаңтарда Қызылорда қаласында өткізіп, оған Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарын шақыруда жоспарлап отырмыз. 15 қаңтарда – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары үшін Алматыда өтеді. 21 қаңтарда – Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары үшін Өскеменде», - деді ол.

«МЖӘ орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ғалымбек Мамраев «Концессиялар туралы» заң мен «МЖӘ туралы» заңның қосарласа жұмыс жасайтынын түсіндірді. «Концессияларда базалық салалар ғана болды (білім беру, денсаулық сақтау, көлік, энергетика және ТКШ), ал МЖӘ-да ондай шектеулер жоқ. Бұған көшені жарықтандыру, паркингтер жөніндегі жобалар сай келеді», - деп жалғады сөзін ол.

«Тікелей келіссөздер пайда болды, барлық жобаларды мемлекет те, жеке бизнес те бастамалай алады», - деп атады Ғалымбек Мамраев. Ол сонымен қатар МЖӘ тәсілдері өзгергенін, кезеңдерінің қысқарғанын баса көрсетті.

Ол сонымен қатар кәсіпкердің қандай жағдайларда байқаудан жалтара алатынын айтып берді. «Заңда қандай жобаның сай келетінін реттейтін бап бар. Біріншісі – бұл жеке секторда мемлекетке жобаны жүзеге асыру үшін ұсынуға болатын нысанның болуы. Мәселен, клиникаға арналған ғимарат. Екіншісі, айрықша құқықтар, қандай да бір инновациялар болатын болса. Оларды да жеке қаржылай бастама бойынша өркендетуге болады. Бұл өте пайдалы, себебі осы жағдайда байқауға қатыспауға болады. Бірақ біз хабарлама тетігін қалдырамыз», - деді МЖӘ орталығының басшысы.

Ұлттық палатаның мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жүйесіне қатысуына келер болсақ, Ғалымбек Мамраевтың айтуынша, ҰКП сараптамалық қорытынды тұжырымдамасын даярлауға қатыса алады. «Егер тұжырымдама бизнес үшін онша пайдасы жоқ қандай да бір шарттардан тұратын болса, оларды ауыстыра аласыздар. Әлеуетті жеке меншік әріптестер тізілімін қалыптастыру, байқау комиссиясына қатысу және жүзеге асыру мониторингіне қатысы – Ұлттық палата осы төрт функция бойынша қатыса алады», - деді ол.

«Өңірлік палаталар үшін негізгі тұс – бұл 4 млн айлық есептік көрсеткіштен төмен жобалар бойынша уәкілеттікті толығымен өңірлерге бергеніміз. Яғни әкімдік сараптаманы өзі дайындайды, бекітеді, жүргізеді. Аталмыш лимиттерге барлық поликлиникалар мен басқа да көптеген жобалар сай келеді», - деп хабарлады Ғалымбек Мамраев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер