«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кадрлар даярлығы бизнес еншісінде

2015 жылғы 23 Желтоқсан
- Қостанай облысы
11564 просмотров

Облыста дуалды оқыту жүйесіне қатысатын кәсіпорындар саны үш есеге артқан

Қостанайлық бизнес пен білім беру нысандарының бірлескен әрекетімен нақты өндірістердегі қажеттіліктерге арналған 23 оқу бағдарламасы дайындалды.

Директор Мұрат Әбенов Палатаның өтіп бара жатқан жылғы жұмысының есебі аясында осылай деп хабарлады. Оның айтуынша, дуалды оқытудың жол картасына өңірдегі 18 колледж кіргізілген, 70 кәсіпорын процеске тартылған, өндірістік оқыту бойынша 90 шарт жасалды. Облыс әзірше дуалды білім беру Қостанай мемлекеттік университеті және Қостанай инженерлік-экономикалық университеті сияқты екі жоғары оқу орнында енгізілген жалғыз өңір.

Мұрат Әбенов білікті, сұранысқа ие кадрларды даярлау мәселесінің өңір экономикасы дамуындағы өзекті түйткілдердің бірі болып табылатынын атады. Кәсіпорындар өндірісте қандай кадрлардың, қаншалықты мөлшерде қажет екені жайлы жақсы хабардар, сондықтан да оқу орындары мен бизнестің әрекеттестігін қамқорлық түрінде жүзеге асыру қажет.

«Бүгінгі күні Палата кәсіпорындардың бейіндік мамандықтар бойынша колледждерді қамқорлыққа алуы жайлы 5 үш жақты шартқа қол қойған. Мәселен, «Қостанай диірмен комбинаты» АҚ және «Диевская агрофирмасы» ЖШС Қостанай политехникалық колледжін «нан пісіру, макарон және кондитерлік өндіріс», сонымен қатар «стандарттау, метрология және сертификаттау» сияқты мамандықтар бойынша қамқорлығына алды. «АгромашХолдинг» АҚ және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС Қостанай автомобиль көлігі колледжін «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша қамқорлығына алып отыр», - деп мәлімдеді облыстық Палата директоры Мұрат Әбенов.      

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы сонымен бірге «Агромашхолдинг» АҚ және «Нұр» ЖШС кәсіпорындары жанындағы біліктілікті көтеру және кадрларды қайта даярлау жөніндегі 2 оқу орталығымен тығыз әрекеттестікте.

«Бүгінгі таңда жұмысшы мамандықтың беделін көтеру мақсатында білім беру басқармасының жәрдемімен  белсенді кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілуде. Облыс мектептерінің жанында бірлесе күш сала отырып 43 кәсіптік бағдар кабинеті ашылып, онда кәсіпорындардың табысты қызметкерлерімен кездесулер өтеді, білім алушының кәсіптік таңдауы анықталады, психологиялық көмек көрсетіліп, рольдік ойындар, әңгімелесу, кәсіпорындарға экскурсия жасау түріндегі түрлі іс-шаралар өткізіледі», - деп түйіндеді Мұрат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер