«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау және кедергілерді жою – басым міндет

2015 жылғы 22 Желтоқсан
- Қостанай облысы
11706 просмотров

Өңірдің Кәсіпкерлер палатасы Қостанай облысы бизнесмендерінің 2,3 млрд теңгеге жуық қаражатын сақтап қалуға көмектесті

Бұл туралы ұйым директоры Мұрат Әбенов өткен жылдың 11 жылында жасалған жұмыс қорытындылары жайлы есеп бере отырып жария етті.

Оның айтуынша, Палатаға осы уақыт ішінде заңды құқықтары мен мүдделері бұзылғаны туралы түрлі шағымдармен 136 кәсіпкер жүгінген. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда оның үштен бір бөлігіне артық. Сондай-ақ 63 түйткілді мәселе кәсіпкерлер пайдасына шешілген, соның ішінде 14 – сот отырыстарына қатысу жолымен.

«Өткен жылмен салыстырғанда салық мәселелері бойынша келіп түскен шағымдар мөлшері 4 есе көбейген. Салықты, өсімпұлды заңсыз үстеме есептеу, негізсіз айыппұлдардың салынуы, жалған кәсіпкерлікпен байланысты түйткілдер – облыс бизнесмендеріне жиі ұшырасатын тәжірибе. Қараша айында ғана ҚҚС бойынша есепке уақытында қоймағаны үшін 4 млн теңгеге жуық айыппұлға тартылған кәсіпкердің мүддесін қорғап шықтық. Бұл шешімнің күшін Жоғарғы сотта ғана жоя алдық», - деп баса көрсетті Мұрат Әбенов.  

Биылғы жылы жүк тасымалдаушы кәсіпорындар атына миллиондаған айыппұл салынған оқиға қайталанды. Автоматтандырылған бақылау жүйелері (САИС) автоның салмақ өлшемдерінің артық көрсеткіштерін тіркеген. Тасымалдаушылар былтырғы жылғы тәжірибеге ие бола отырып, алдымен Палатаға жүгінеді. Сот салынған айыппұлдарды заңсыз деп тауып, Бүкіл Қазақстан бойынша ақауы жойылғанға дейін бақылау жүйелерін ажыратып тастаған болатын.

«Жазда көлік инспекциясы қызметкерлері ресейлік «Агрофирма Адель» компаниясына тиесілі астық тиелген екі жүк автокөлігін тоқтатып, айыппұл тұрағында ұстап тұрады. Палата мәселені пысықтап алып, астық қазақстандық фирмаға сатуға арналғандықтан, сапасы нашарлап кетпесін деп, жүкті жылдам арада иелеріне беру қажеттігі жайлы ресми хат жолдады. Алайда аталмыш талап назарға алынбай, ақырында бидай тағамдық мақсатта қолдануға тиімсіз болып шықты. Осы бұзу үшін инспекцияның кінәлі лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп мәлімдеді облыстық Палата директоры. 

Былтырғы жылмен салыстырғанда Палатаға мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша екі есе жиі жүгінетін болған, көбінесе кәсіпкерлерді қызметтерді жосықсыз жеткізуші деп тану деректері бойынша жүгінеді. Жер телімдерін беруден негізсіз бас тарту, жалдау мерзімін шектеу, мемлекет қажетіне алып қою және басқалары сияқты жер қатынастары толғақты мәселе болып қала береді.

Палата бизнес-ортаны жетілдіруге және әкімшілік кедергілерді жоюға ерекше роль береді. Өткен жылы сарапшылар 69 кедергіні анықтап, 42-сін жойған. Сараптау қызметінің аясында орталық деңгейдегі 3 мыңнан астам нормативтік-құқықтық акт қаралды. Өңірлік НҚА жобаларына 117 қорытынды беріліп, оның ішінде 12 бойынша нақты ескертулер енгізілді.

«Мәселен, Қостанай қаласы әкімдігінің «Коммуналдық қалдықтар түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы...» жобасына теріс қорытынды беріп, бұл кәсіпкерлер үшін тарифтердің көтерілуіне жол бермеуге мүмкіндік берді. Жоба 2014 жылы шығарылғанға қарағанда қалдықтар көмілуін екі есе артық ұсынған, ал бұл басқа да ірі өнеркәсіптік қалаларға қарағанда жоғары», - деп назар аудартты Мұрат Әбенов.

Биылғы жылы Таран және Қарабалық аудандары әкімдіктері қызметкерлерімен әрекеттестікте де кәсіпкерлерде тұрмыстық қатты қалдықтар жөнінен қиындықтар туындап отырды. Екі жағдайда да шенеуніктер жеке кәсіпкерлердің заңды құқықтарына қысым жасай отырып, қалдықтарды шығаруға мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындармен шарттар жасауға тікелей нұсқаулар берген. Таран ауданы бойынша бұзуларды Палата сарапшылары сотта бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаментпен бірге дәлелдеп, Қарабалық ауданы бойынша департамент бұзуды жою туралы ұйғарым шығарды.

Мұрат Әбенов сонымен қатар бизнес үшін маңызды шешімдер қабылдау процесінде кәсіпкерлік қоғамдастық пікірін ескеру үшін Палата өкілдерінің 33 консультативтік-кеңесу органы (ККО) құрамына кіргенін баса көрсетті. Басты міндет – нақты ККО-да, ең алдымен, жер комиссияларында бизнестің 50% қатысуын қамтамасыз ету. Бұл дауыс беруде тепе-теңдік орнатуға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер