«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Денсаулық сақтау министрлігінде Медицина қызметтері жөніндегі бірлескен комиссия құрылды

2015 жылғы 15 Желтоқсан
11731 просмотров

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанынан консультативтік-кеңесу органын құру туралы бұйрыққа ведомство басшысы Тамара Дүйсенова қол қойды.

Медицина қызмттерінің сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия құрамына Денсаулық сақтау министрлігі, мемлекеттік органдар, парламент депутаттары, бейіндік қауымдастықтар мен ҮЕҰ өкілдерімен бірге, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева да кірді. 

Комиссия медициналық қызметтер сапасын көтеру, отандық денсаулық сақтау саласындағы жетекші стандарттар енгізу бойынша ұсыныстар дайындаумен айналысатын болады.

Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі бірлескен комиссия Комиссия құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарау үшін сараптау және жұмыс топтарын құруға, мүдделі тараптармен әрекеттестік реттемесін бекітуге, қажет болған жағдайда Министрліктің штаттан тыс бас мамандарын, тәуелсіз сарапшыларды, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар өкілдерін, денсаулық сақтау субъектілерін аталмыш Қаиғдада реттемеленген мәселелер бойынша талдау, бағалау және сараптама жүргізу үшін тартуға, осы Қағидаға сәйкес қаралатын мәселелер бойынша шешім қабылдауға, денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша Министрлікке ұсыныстар енгізуге құқылы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер