Бәсекеден тыс бауырсақ
Мәскеу облысының Балашиха қаласында қазақстандық өнімдер сататын «Бауырсақ» атты азық-түлік дүкені ашылды
Мәскеу жанындағы қаладағы сауда нүктесін Қазақстаннан Мәскеуге және Мәскеу облысына өнімдерді жеткізумен және бөлшек сатумен айналысатын мәскеулік «Бауырсақ» Қазақстан өнімдері» сауда желісі таныстырды.
«Ресей нарығында жұмыс жасап жүрген 3 жыл ішінде "Рахат", "Баян Сұлу", "Алматы өнімі", "Кондиз", "Elsyor", "Лия", "Кэмми", "Кублей, "Семей ет комбинаты", "Омега специи", "Белес", "Бижан", "Teahouse", "Рахмет", "Baron" сияқты кондитер фабрикалары және сауда белгілері өкілдерімен тығыз әріптестіктеміз», - дейді компания басшылығы аталмыш фирмалар өнімдерінің ереше дәм сапасымен ерекшеленетінін айта отырып.
Бір айта кететіні, Мәскеуде және Мәскеу облысында компания 2012 жылғы ақпан айынан бері жұмыс жасап келеді. Сонымен, олардың дүкендері Мәскеудегі Преображенск базарында (58 павильон), Марьино метросы ауданында ("Ветерок" фермерлік базары), Каширская метросында ("Ветерок" фермерлік базары), Мәскеу облысындағы Подольск қаласы, Свердлов көшесі, 1 үй мекенжайында орналасқан.
Жақында ғана салтанатты түрде Мәскеу облысы Балашиха қаласында (Парковая көшесі, 9 үй мекенжайында) «Бауырсақ» азық-түлік дүкені ашылды. Дүкен сұрыпталымы айтарлықтай кең көлемде. Мұнда әдеттегі шайға арналған тәттілерден бастап бұқтырылған жылқы еті сияқты біршама экзотикалық өнімдер де кездеседі. Дүкеннің ашылуына келген Балашиха тұрғындары үстелден дәм ауыз тиіп, бауырсақ, ет жеп, қымыз ішіп, қазақ асханасының ерекшеліктермен дәл осы жерде танысу мүмкіндігіне ие болды.
Жаңа дүкеннің алғашқы сатып алушысы Балашиха қаласы тұтынушылық нарығы және қызметтер басқармасының бастығы Татьяна Котельникова болды. Ол қазақтың танымал қышқыл сүт өнімі қымызды таңдапты. Біреуге жылқы етінен жасалған шұжық ұнаса, біреуі макарон және макарон өнімдерін таңдапты. Балашихалықтар шоколад өнімдері мен кондитерлік өнімдерді қатты ұнатыпты. Ал дүкен иелері сапаға кепіл болады.
«Барлық тауарларымыз бірегей, себебі жоғары сапаға ие, өте дәмді және ең үздік аспаздық дәстүрлерді сақтай отырып жасалған. Бұл қалада дүкеннің ашылуы кездейсоқ емес: көптеген Балашиха тұрғындары өтініш жасаған еді», - дейді «Бауырсақ» мәскеулік сауда желісінің директоры, Қазақстанның тумасы Елена Кондакова.
Оның сөзінше, «Бауырсақ» сауда желісі Балашихада өтетін көрмелерге қатысып тұрады. Ал жергілікті тұтыну нарығын зерттеу компанияның дүкен ашуына алып келген.
Елена Кондакованың айтуынша, бастапқыда қазақстандық тауарлар сұрыпталымы шағын болған. Өнім жеткізу жөнінен де түйткілдер болған. Алайда қазақстандық тауарларға деген сұраныстың соңғы жылдары айтарлықтай өсуіне қарай, компания бизнесті кеңейтуге бел буған екен.
Дүкеннің тұсакесеріне мәскеуліктер мен Мәскеу облысы тұрғындарының сұранысына ие өнімдер шығаратын қазақстандық кәсіпорындар басшылары да келіп жетті. Бұл экспортқа бағдарланған бизнестің дамып жатқанына куә болады. Шамамен 4 мыңға жуық тұрғыны бар Балашихада қазақстандық тауар сататын алғашқы дүкен екенін айта кету керек.
Қазақстандық кәсіпкерлер атағандай, «әрине, бәсекелестік жоқ емес». Қазір, олардың айтуынша, тұтынушылар арзанға жүгірмей, сапалы өнім алуға талпынады.
Табыс әлі алда деп сенеді кәсіпкерлер, ал үлкен қашықтықтар, не болмаса жергілікті өндірушілермен қатаң түрдегі бәекелестіктен олар мүлдем қорықпайды, себебі қазақстандық өнім ресейліктер көңілінен шығып отыр, ал сұраныс ұсыныс тудыратыны белгілі.
Республикамыздың бүгінгі таңда ресейлік астана үшін маңызды өнім жеткізушілердің бірі болып табылатынын атай кетейік. Жақын шетелден жеткізулердің жалпы көлемінен 20% - бұл қазақстандық өнім. Оның үстіне, Мәскеу қаласы сауда департаментінде аталғандай, Қазақстан тауарларына деген сұраныс өсіп келеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: