«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық кәсіпкерлер тауарларды пароммен тасымалдай алады

2015 жылғы 30 Қараша
9423 просмотров

ҰКП отандық тасымалдаушылар үшін балама бағыттар ұсынуда

Үстіміздегі жылдың 28 қарашасында Ресей Федерациясының Президенті Ресейдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Ресей азаматтарын қорғау жөніндегі шаралар туралы және Түркияға қатысты арнайы экономикалық шаралар қолдану туралы Жарлыққа қол қойды.

Жарлық ережелеріне сәйкес РФ Үкіметіне Ресей аумағына тауарлар, жұмыстар (қызметтер) әкелуді көздейтін сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыруда тыйым немесе шектеу енгізілетін тауарлар, жұмыстар (қызметтер) тізбесін анықтау тапсырылды.

Сонымен бірге бүгінде шамамен 78 қазақстандық жүк автокөлік құралы Кеден одағы шекарасында тұр және Қазақстанға РФ аумағымен транзиттік өту шектеліп отыр (Верхний Ларс, Троебортное және Крупец кеден бекеттері).

ҚР ҚМ Мемлекеттік табыс комитеті, ҚР ИДМ Көлік комитеті тұлғасындағы Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдары «Атамекен» ҚР Ұлттық палатасымен бірге құзыреттері аясында жағдайды шешуге тырысуда.

Осыған байланысты Түркиядан Ресей арқылы транзитпен келе жатқан отандық тасымалдаушылар назарын жүру жолын әртараптандыру мақсатында баламалы бағыттарды уақытша қолдана тұру мүмкіндігіне аударамыз.

Сонымен, қазірде Ақтау порты паромдарды тұрақты негізде әзірлеу мүмкіндігіне ие.

Паромдарды әзірлеу №2, №6 және №8 айлақтарда жүзеге асырылуда. №8 айлақта темір жол вагондарына да, доңғалақты техника үшін де әзірлеу мүмкіндігі бар. №2 және №6 айлақтарда тек қана доңғалақты техникаға әзірлеу жүруі мүмкін.

Доңғалақты техниканы «Меркурий-1» және «Академик Зарифа Алиева» (Әзербайжан) сияқты № 8 айлақта әзірленетін темір жол тарифтерінде тасымалдау ұсынылады.

«Меркурий-1» және «Академик Зарифа Алиева» типтес паромдарға доңғалақты техниканың (еурофура) 34 және 44 бірлігі сыяды, сәйкесінші, аталмыш паромдарды орташа әзірлеу уақыты 14 сағатты құрайды.

Порт аумағында бір уақытта 2 кеме тобы тұра алады, бұл шамамен 75 машина.

Ауа райы қолайлы болғанда бір ай ішіндегі порттың өткізу қабілеті шамамен 2,5 - 3 мың бірліктегі доңғалақты техниканы құрауы мүмкін (импорт+экспорт).

Қазір Әзербайжанда паром тасымалдаулары Бакуда орналасқан терминалдан жүзеге асырылуда. Баку порты берген мәліметтерге сәйкес, доңғалақты техниканы тасымалдаудың жоспарлы көлемі жылына шамамен 20 мың бірлікті құрайды.

ҚР ИДМ Көлік комитеті жасаған болжамды есептеулер бойынша, Баку портындағы алым шамамен 1378, 03 АҚШ долларын құрайды, Ақтау портындағы алым – 52, 87 АҚШ доллары.

Автокөлік габаритіне және жүк салмағына қарай автокөліктің 1 бірлігіне көрсетілетін қызмет құны 1400 -1600 $ аралығын құрайды.

Ақтау портында қажет болатын құжаттар тізбесі:

1. Автомашинаға, тіркемеге техникалық төлқұжат;

2. Жүргізуші төлқұжаты;

3. Жүргізушіге берілетін сенімхат (автокөлік фирмаға тиесілі болған жағдайда);

4. Жүкке СМР (TIR карнет);

5. Жүкке инвойс.

Сонымен бірге қазірде ҚР ИДМ Көлік комитетінің әзербайжандық тараппен Каспий теңізі арқылы екі жақты қатынаста пароммен жүк тасымалдау бағасын барынша түсіру мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын атап өту керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер