Заңдастыру мерзімі бір жылға ұзартылды
«Атамекен» ҚР ҰКП заңдастыру мәселелерінде консультация беруге дайын
28 қараша күні «Кейбір заңнамалық актілерге Қазақстан азаматтарының, оралмандар мен Қазақстан республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлкін заңдастыруына байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енеді. Осылайша, жеке тұлғалардың ақшасы мен мүлкін жария ету шарттары жеңілдетіледі.
Заңнамалық түзетулерге сәйкес, қазақстандықтардың Қазақстан Республикасының аумағындағы немесе одан тысқары жерлердегі, сонымен бірге басқа тұлғаға ресімделген ақшасын, мүлкін, меншік құқығы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлкін заңдастыруы қажет болады.
Азамат өз қалауынша пайдаланбақшы болып отырған заңдастырылған ақшаны аудару кезінде банк ақша құнынан 10 пайыздық алым ұстап қалады. Ақшаны заңдастыру үшін ағымдағы жеке банк шотына салған кезде заңдастыру алымы алынбайды.
Жария етушілерге заңдастыру туралы ақпараттың құпиялылығына, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар тарапынан болатын заңсыз әрекеттерден қорғауға қатысты кепілдік беріледі.
Заңдастыру кезінде өтініш беруші бірқатар баптар бойынша (тыйым салынған қызмет түрлерінен басқа) қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктен босатылады. Заңдастыру дерегі қылмыстық істе дәлел ретінде қолданылуы мүмкін болмайды. Заңдастырылған мүлік тәркілеуге жатпайды.
Мүлік пен ақшаны заңдастыру үшін өтініш берушінің мемлекеттік табыс органына декларация және қажет құжаттарды беруі қажет.
Заңдастыру мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.
«Атамекен» ҚР ҰКП заңдастыру мәселелерінде толық жәрдем көрсетуге және консультация беруге дайын.
Сұрақтар мен түйткілдерді мына мекенжайға жолдауға болады: legalize.kz@gmail.com
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитеті берген деректер бойынша, бүгінде Қазақстандағы заңдастыру көлемі 420,1 млрд.теңге құраған. Ең көп үлесті ҚР аумағындағы нысандар құрады – 338,3 млрд.теңге, заңдастырылған ақша көлемі 80,8 млрд.теңге құраған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: