«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Денсаулық жайы бәрімізге де қатысты

2015 жылғы 18 Қараша
10589 просмотров

Кәсіпкерлер 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасының жобасына ұсыныстарын енгізді

Аталмыш бағдарламаны талқылау «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында денсаулық сақтау вице-министрі Елжан Біртановтың қатысуымен өтті.

Бейнеконференция режиміндегі отырыс форматы денсаулық сақтау министрлігі бағдарламасын талқылауға өңірлік кәсіпкерлердің де белсене қатысуына мүмкіндік берді.

«Бағдарлама мәтіні біршама ұнамды, сыйымды, бірақ ретсіз тәртіпте баяндалған. Осыған байланысты іс-шаралардың түсінікті түрде берілген жоспарын ұсынғымыз келеді. Онсыз бұл бағдарламаны қабылдауға болмайды, себебі болашақта жоспарсыз оның орындалуын бағалай алмаймыз. Бағдарламаның қаржылық құрамдасына назар аудару қажет. 2010-2014 жылдар аралығында денсаулық сақтауға жұмсалған шығынның 568 млрд теңгеден 879 млрд теңгеге жеткенін білеміз, ал бағдарлама жобасында 2016 жылға бар-жоғы 129 млрд теңге берілгенін ғана көріп отырмыз», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Денсаулық сақтау вице-министрі Елжан Біртанов бизнес-қоғамдастықтың «талқылаған сайын құжат нақтылана түседі» деген ойымен келісе отырып, отырыста 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасының жобасын таныстырды.

Оның сөзінше, Бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекеттік бюджет және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қорының қаражаты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат бағытталады. Бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен жұмсалатын жалпы шығын 2 837 761 805,0 мың теңгені құрайды. Ал 129 млрд теңге – бұл барлық денсаулық сақтауға емес, тек 2016 жылға арналған бағдарлама іс-шараларын жүзеге асыруға кететін қаражат.

«Бағдарламаны жүзеге асыру 2016-2019 жылдарға есептелген және қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің құрылуын, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің басымдылықты дамуын, медициналық көмектің барлық деңгейлері интеграциясының дамуын, денсаулық сақтаудағы менеджменттің тиімділігін, корпоративтік басқару элементтерінің енгізілуін көздейді. Бағдарлама сондай-ақ денсаулық сақтаудағы жеке меншік сектор мен бәсекелестіктің, сенімгерлікпен басқарудың және денсаулық сақтау нысанардарын жекешелендіруді, жеке меншік отбасылық тәжірибенің дамуын, адами ресурстарды стратегиялық басқаруды, медициналық білім беруді модернизациялауды, медицина ғылымының, білімі мен тәжірибесінің интеграциясын, денсаулық сақтау жүйесіндегі мектеп медицинасының дами түсуін болжайды. Сонымен қатар халықаралық стандарттар негізінде дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды жетілдіру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, мемлекет, кәсіби қоғамдастықтар және пациенттер серіктестігі арқылы медицина қызметтерінің сапасын басқару жүйесін дамыту, денсаулық сақтау инфрақұрылымын оңтайландыру және тиімділігін көтеру, денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялардың одан әрі дамуын жоспарлап отырмыз», - деп ақпарат берді Елжан Біртанов.

Денсаулық сақтау вице-министрі кәсіпкерлердің сауалдарына жауап берді. Сонымен, бизнесмендерді ең алдымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жүзеге асырылуы, МЖӘ аясында ұзақ мерзімдік мемлекеттік тапсырыстың болуы көзделген бе, бағдарлама жобасында геронтологиялық көмекті ынталандыру жөніндегі, халыққа стамотологиялық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі іс-шаралар неліктен қарастырылмаған деген сияқты мәселелер қызықтырды.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының аталмыш жобасында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) қызметтерін жеке меншік жеткізушілер үлесінің 2010 жылғы 12%-дан 2014 жылы 27,4% дейін өскені көрсетілген. Аталып өткендей, «Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің (БМСК) басымдылықты дамуы» 2 қадамының және МӘМС енгізу аясында жеке меншік сектордың қатысуы ұлғаяды, бірақ, өкінішке орай, 5% ұлғаю болмашы ғана көрсеткіш болып табылады және шынайы сандарды қою қажет. Осыған орай сандарды қайта қарауды сұраймыз», - деп ойымен бөлісті ҚР ҰКП Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер комитетінің төрағасы Арнұр Исабаев.

Кәсіпкерлер мектептерде стоматологиялық бөлмелер ашу жайлы мәселелерді де көтерді. Сондай-ақ, ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның сөзінше, құжатта өңірлік денсаулық сақтаудың даму мәселелері көрсетілмеген және ауылдардағы медицинаның қаншалықты қолжетімді болатыны түсініксіз.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Надежда Петухова да денсаулық сақтаудағы жоғары шенді мемлекеттік шенеунікке оннан астам өзекті сауалын дайындап келіпті. Депутат кезіндегі жоғары санатты дәрігер. Және де, әрине, ол отандық медицина түйткілдерінен тікелей хабардар. Мәжіліс өкілі алдымен республикамызда әлі күнге дейін жалпы тәжірибедегі дәрігерлерді даярлау жүйесінің жөнге салынбағанын атады. Надежда Петухова сонымен қатар кепілдендірілген тегін медициналық көмекті қаржыландырудың, медициналық қызметтерге қолжетімділіктің жоқтығына шағымдар бар екенін атады.

Парламент Мәжілісінің депутаты тағы бір өзекті мәселені қозғады. «Медициналық қызметтерді шектен шығарғаны үшін медицина мекемелеріне берілетін айыппұл шаралары оларға түрткі болмайды, керісінше, қандай да бір шикілікке ұрындырады», - деп мәлімдеді Надежда Петухова.

Мәжілісмен сонымен қатар жалақыны көтеру туралы мәселені алға тарту керек деп санайды. «Дәрігер жақсы жалақысыз сапалы жұмыс жасамайды!», - деп мәлімдеді ол. 

Надежда Петухова сондай-ақ медицинадағы, әсіресе аудандардағы, корпоративтік басқару, геронтологиялық көмек көрсету, балалар стоматологиясын, мектеп медицинасын дамыту, дәрі-дәрмектер бағасын көтеру мәселелерін көтерді.  

Денсаулық сақтау вице-министрі хабарлағандай, келесі аптада медицинадағы МЖӘ Жол картасының жобасы пайда болады. «Нысандар тізбесі жасақталады. Медициналық мекемелерді жабдықтаумен байланысты жаңа МЖӘ жүйесін енгізуді жоспарлап жүрміз», - деп жалғады сөзін Ержан Біртанов. Оның айтуынша, МЖӘ аясында жеке меншік медицина ұйымдарының ТМККК және МӘМС-ға кіретін күллі қызметтер аясын ұсынуға қатысуын кеңейту жоспарланып отыр, ал медициналық және медициналық емес қызметтердің жекелеген түрлері (зертханалар, радиологиялық қызметтер, жинау, тамақтану, материалдық және материалдық емес құндылықтарды сатып алу, медициналық техникаға қызмет көрсету және басқалары) ұзақ мерзімдік аутсорсингке беріледі. Сонымен қатар республикалық және жергілікті денсаулық сақтау ұйымдары жеке меншік компанияларға, соның ішінде шетелдік компанияларға сенімгерлікпен басқаруға беріледі, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жекешелендіру болжануда. Қызметтері бәсекелес ортаға берілетін ұйымдар тізбесі жаңартылып, концессиялардың түрлі үлгілері бойынша денсаулық сақтау нысандарының құрылысына жеке меншік инвестициялар тартылады. «Сонымен бірге мемлекеттік үшін де, жеке меншік қызмет жеткізушілер үшін де тең экономикалық жағдайлар жасалады», - деп атады вице-министр.

ҚР Фармацевтика индустриясы қауымдастығының төрағасы Серік Сұлтанов дәрі-дәрмек бағасын көтеру мәселесін қозғай келе, «бүгінде денсаулық сақтау саласында еңбек етуші барлық отандық кәсіпорындардың адамдарды қысқартуды болдырмау үшін, шығынға ұшырап отырғанын» мәлімдеді. Оның ойынша, ТМККК аясында сатып аулар өткізу үшін дәрі-дәрмектер бағасына 15-20 % индекстеуді жүргізу қажет. Сондай-ақ, оның айтуынша, «СК-Фармация» ЖШС-ға жеткізілген өнім үшін төлем мерзімін қазір белгіленгендей 90 күн емес, 30 күнге дейін төмендету керек.

Серік Сұлтанов тағы бір маңызды мәселе – бірқатар дәрі-дәрмектерді ТМККК аясында сатылып алынатын емдік дәрілер тізбесінен алып тастау жайын қозғады.

«Дағдарыс кезінде Британдық фармакопеяны басшылыққа ала отырып, дәрі-дәрмектерді алып тастаймыз, бірақ орнына ештеңе ұсынбаймыз! Және де бүгінде жедел медициналық жәрдем дәрісіз келеді, онда олардың керегі қанша!», - деп мәлімдеді фармацевтер басшысы.

Жиналысқа қатысушылар барлық ұсыныстарды Ұлттық палата шоғырландырылған түрде Денсаулық сақтау министрлігіне береді деп келісті. Ал Іс-шаралар жоспары, медицинадағы МЖӘ Жол картасы, медициналық ұйымдардағы корпоративтік басқару және т.с.с. жобаларды талқылау үшін ҰКП жанынан сұхбат алаңдары құрылып, Денсаулық министрлігі белсенді түрде ынтымақтасатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер