«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тапсырыс берушілер мен жеткізушілер бір-бірі жайлы толық хабардар болады

2015 жылғы 18 Қараша
8876 просмотров

Қазақстанда Нарық мониторингі және сараптау орталығының Сауда тізілімі құрылмақшы

Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл кеңесінің кезекті, бесінші отырысында Нарық мониторингі және сараптау орталығының (НМСО) директоры Нариман Төлегенов Сауда тізілімі тұжырымдамасын таныстырды.

«Сауда тізілімі – бұл тапсырыс беруші барлық жеткізушілер туралы мәліметтер таба алатын, ал жеткізуші барлық сатып алулар туралы ақпарат ала алатын бірыңғай ақпараттық алаң», - деп түсіндірді ол.

НМСО директорының айтуынша, Сауда тізілімін құру жарияланған байқаулар туралы ақпарат алуға, сатып алуларға жеткізушілердің кең көлемін тартуға, барлық әлеуетті жеткізушілерге бірдей мүмкіндіктер беруге, адал ниетті жеткізушілерді ынталандыруға, жалған жеткізушілерді сатып алуларға қатысушылар қатарынан алып тастауға мүмкіндік береді.

Бұдан Үкімет не ала алады? «Отандық тауар, жұмыстар мен қызметтер өндірушілер туралы толық өзекті ақпарат, мемлекет, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алулары нарығы туралы сенімді ақпарат, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендеуі, жергілікті мазмұнды мемлекеттік реттеуге арналған құрал, мемлекеттік сатып алудың ашық басқарылатын жүйесі», - деп атады Нариман Төлегенов.

Оның сөзіне сүйенсек, «Атамекен» ҚР белсенді кәсіпкерлеріне дәйекті мониторинг жүргізу үшін, отандық тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірушілер мүддесін қорғауға арналған құралға, қолданылып жатқан кәсіпкерлікті қолдау шараларының тиімділігін бағалау мүмкіндігіне, отандық тауар өндірушілер мүдделерін қорғауға арналған салалық қауымдастықтардың тиімді құралына ие болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер