«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мүмкіндіктері кеңеюде

2015 жылғы 18 Қараша
13572 просмотров

Ұлттық палатада «Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік туралы» жаңа заң талқыланды

Өңірлермен өткен аймақтық жиналыс барысында Ұлттық палата, Қазақстандық МЖӘ орталығы, сонымен қатар ҚР Ұлттық экономика министрлігі өкілдерінің сарапшылық пікірлері айтылды.

«Өткен аптада «Мемлекетті-жеке меншік әріптестік туралы» жеке заң қабылданды. Аталмыш заң жаңа мүмкіндіктер жасақтауға бағытталған. Бұл ең алдымен мемлекет пен бизнес арасындағы кәсіпкерлер мүмкіндіктерін кеңейтетін әріптестік», - деп мәлімдеді ҰКП экономика департаментінің директоры/атқарушы директор Нұрлан Сақуов жиналысты аша отырып. 

Жақын арада шамамен тоғызға жуық кіші заң актілерін қабылдау алда тұр. ҚР ұлттық экономика министрлігі қызметкерлерінің ойынша, аталмыш құжаттарды дайындауда Ұлттық палата басты рольді ойнауға тиіс.

«ҰКП тарапынан қабылдануы қажет кейбір актілер мен реттемелер бар. Нақты айтар болсақ, бұл Жеке меншік әріптестер тізілімінің құрылуы. Ол не үшін қажет? Аталмыш Тізілім МЖӘ жобаларын жүзеге асыруға шынымен де мүдделі шағын кәсіпкерлік субъектілерін анықтайды. Оның үстіне, жергілікті жерде жүзеге асырылатын шағын жобалар үшін 4 млн айлық есептік көрсеткішке дейінгі жеңілдетілген процедуралар туралы норма көзделген», - деп жалғады сөзін ҚР ҰЭМ МЖӘ дамыту департаментінің директоры Нұрым Аязбаев.

«Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ басқарушы директоры Евгений Аманбаев семинар қатысушыларына «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» заңда ұсынылатын жаңалықтар жайлы біршама егжей-тегжейлі айтып берді.

«Заңға сәйкес, ендігі жерде мемлекеттік-жеке меншік жобалар ұлттық экономиканың барлық салаларында жүзеге асырылуы мүмкін. Бірақ басқаға беруге болмайтын нысандардың белгілі-бір тізбесі (мәселен, бөгеттер немесе қан бекеттері) жасақталады. Қалған тұстарда шектеулер алынып тасталған, және де кез-келген салада МЖӘ жобасын дайындауға болады. Сондай-ақ жаңа заңда МЖӘ қатысушыларының тобы едәуір кеңейтілген: қаржыландырушы ұйымдар, мемлекеттік сыңайы құрылымдар үшін жол ашылады. Егер заңды тұлғадағы мемлекет үлесі 50% және одан көп болса, онда компания мемлекеттік әріптес тарапында болады, ал үлесі 50%-дан аз болатын болса, онда мұндай мемлекеттік сыңайлы заңды тұлға жобаға жеке меншік сектор тарапынан қатыса алады», - деп атады Евгений Аманбаев.

Дайындаушылар нарықтың жаңа субъектілерінің тартылуын күтеді. Бұл МЖӘ жобаларының тартымдылығы мен келешегін нығайта түседі. Бизне үшін жаңа әрі айтарлықтай кең көлемді нарық есігін ашады. Сондықтан да жаңа заң көп жақты шарттар жасауға мүмкіндік береді. Оған жеке меншік тарапынан да, мемлекет тарапынан да бірден бірнеше тұлға қатыса алады. Егер бұрын МЖӘ нысаны ретінде тек жылжымайтын мүлік қаралса, қазір жаңа технологиялар, инновациялар, зияткерлік меншік нысандары сияқты түрлі зерттемелер осы қатардан табылады.

Жиналыс барысында қазақстандық МЖӘ орталығының өкілдері мәлімдегендей, бүгінде мемлекет жаңа заңнамалық құралдар арқылы жеке меншік секторға жобаны жүзеге асырудың күллі айналымын беруге дайын: идея, жобалау, қаржыландыру, жасақтаудан бастап, одан кейінгі қызмет көрсетуге дейін. Жобаның өмірлік циклына кіретін дүниенің бәрі мемлекеттен жеке меншік секторға берілуі мүмкін. Оның үстіне, егер мемлекет күрделі шығындарды іске асырып, кейін қызмет көрсету жөніндегі қызметтер сатылып алынса, онда бүгінде сервистік келісімшарттар аясында сервистік үлгіге көшіп, қызметтерді жеке меншік сектордан сатып алуға болады. Мәселен, мұндай келісімшартты ақпараттық технологиялар саласында қолдануға болады.

Әлеуметтік жобалардың қаржылай тартымдылығын көтеру үшін тұтыну кепілдігі түріндегі мемлекеттік қолдау көзделгенін атап өту керек. Ол мемлекеттік тапсырысты орта және ұзақ мерзімдік негізде әлеуметтік ортаға орналастыру мүмкіндігін береді.

Сонымен қатар, заңда инвесторларға арналған жаңа мүмкіндіктер де жазылған. МЖӘ жобасына салым салғандар аталмыш жоба аясында шығарылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша субсидиялауға талаптана алады. Сонымен қатар инвестициялық және операциялық шығындар 100% дейін өтелуі мүмкін.

Заңда меншігінде дайын нысандары бар (балабақшалар, мемлекеттік мекеме, спорт клубы, мәдениет үйі және т.с.с.) кәсіпкерлердің МЖӘ жобасын бастамалауы, және де балама ұсыныстар болмаған жағдайда МЖӘ шартын тікелей келіссөздер негізінде байқау өткізусіз жасау көзделген.

«Қашанда кедергі болатын – байқау процедуралары. Егер инвестор жоспарлау сатысында белсенді қатысып, ұсыныстар енгізетін болса және оның қаржылай, ұйымдастыру шығындары орын алып жатса, онда байқау барысында қосымша балдар ала алады және жеңімпазды анықтау кезінде артықшылыққа ие болады. Сонымен қатар, жаңа заң қайтадан байқау өткізу қажеттілігінсіз байқаудың жаңа қатысушысымен шарт жасау мүмкіндігін береді», - деп атады Евгений Аманбаев.

Жиналыс барысында өңірлерде МЖӘ өркендету жөніндегі «МЖӘ пікірлері көшбасшыларының клубы» Бағдарламасы қарауға ұсынылды. Бағдарламаның мақсаты біршама тұрақты өңірлік кәсіпкерлерге жеке консультация беру жолымен МЖӘ қарқынмен дамыту болып табылады. Бағдарламадан күтілетін нәтижелерінің бірі – ҰКП және «ҚМЖӘО» АҚ қолдауымен, сондай-ақ жергілікті атқару органдарымен әрекеттестікте МЖӘ жобаларын жүзеге асыру. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер