«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық құрылыс материалдарын қолдану мәселелері әзірше шешілмей отыр

2015 жылғы 17 Қараша
11399 просмотров

Секторлар бойынша кездесулер кестесі дайындалады

ҰКП алаңында өткен аймақтық жиналыс барысында отанымызда өндірілетін тауарларды ЭКСПО нысандарын салу кезінде пайдалану мәселелері талқыланды. Оған «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК» АҚ; бас жобалаушы «IT ENGINEERING S.A.»; бас мердігерлер «Базис» ҚК ЖШС, «BI Group Corporation» ЖШС, «Turkuaz YDA Stroy» ЖШС, «Mabco constructions s.a.» АФФ, сонымен қатар «Мемлекеттік сараптама» РМК, «ҚазҚСҒЗИ» Құрылыстағы баға белгілеу орталығы өкілдері және отандық кәсіпкерлер қатысты.

Жиналыс өтуіне «Alageum Electric» акционерлік қоғамының өтініші себеп болды. Аталмыш өтініште ЭКСПО-2017 нысандарын салу жөніндегі бас жобалау ұйымы «IT ENGINEERING S.A.» отандық кәсіпкер өнімін елемейтіні, тысқары компаниялар өнімдерін алға жылжыту байқалатыны, сонымен қатар тауарлар, жұмыстар және қызметтерді қолданбаудың себептері қолдан жасақталатыны айтылған екен.

«Alageum Electric» АҚ компаниясының өкілдері жиналыста бас мердігерлердің өздері өндіретін трансформаторларды алуға дайын екенін атады, алайда бас жобалаушы «IT ENGINEERING S.A.» ЭКСПО жобаларында француз фирмасының трансформаторларын негізге алған.

«IT ENGINEERING S.A.» Филиалы жобасының бас инженері Сергей Астафьев бәсекелестік қағидаттарына орай сипаттамалары бірыңғай болып отырған аталмыш жабдыққа ең қолайлы бағаны ұсынған компанияның өнімі таңдалып алынғанын атады. Сондай-ақ, «Астана-ЭКСПО» өкілі Өмірхан Мұқанов трансформатордың өзі коммерциялық ұсынысқа сәйкес  бұл күллі механизмнің тек 8% ғана, ал оның қалыпты жұмыс жасауы үшін тағы да 92 % өзге бөліп таратқыш жабдықтар мен желілер қажет екенін, және де осы құрамдастардың шетелдіктерден сатылып алынатынын хабарлады.

«Астана-ЭКСПО» өкілі Өмірхан Мұқанов мынаны түсіндіріп өтті: «Құрылыс үшін таңдалып алынған жабдық құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізгеннен кейін «Астана РЭК» акционерлік қоғамына беріледі. Осылайша, жеткізушіні таңдағанға дейін біз анықтаушы болып табылатын «Астана РЭК» АҚ ұсыныстарын аламыз. Сонымен бірге, бас мердігер үшін отандық тауар өндірісінің сипаты басты орында болғанмен, баға қорытынды рольге ие. Мердігерлер тауарды өз беттерінше таңдайды, ЭКСПО жеткізушіні таңдау тәртібіне араласпайды, ал тапсырыс беруші үшін бұл жерде тек сапа мен ресурстар ғана маңызды».

Жиналыс барысында сонымен қатар «Alageum Electric» АҚ, «Алматы Желдеткіш Зауыты» ЖШС, «Сайман Корпорациясы» ЖШС, «ECODOS Engineering» ЖШС, «Қазақстандық бұзбай бақылау және техникалық диагностика қауымдастығы» ЗТБ, «Stone Decor» компаниясы, «IT&M» ЖШС, «Сантехпром» ЖШС, «Avenue» ЖШС, «ELCOS» компаниясы, «Үлбі-Электро» ӨКФ» ЖШС және басқаларының өкілдері сөз алды.

Жалпы қазақстандық өндірушілердің шағымдары ЭКСПО нысандары құрылысы жобаларында импортталатын тауарлардың негізге алынатыны жайлы болып отыр. Отандық тауарлар сапасы, техникалық сипаттамалары жөнінен, кей жағдайларда айтарлықтай аз мөлшердегі баға ұсыныстары  жөнінен олардан кем түспейді.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева басты мәселенің барлық бас мердігерлердің отандық тауарларды сатып алуға дайын екендігіне саятынын атады, алайда құрылыс жобаларында көбінесе шетелдік компаниялар тауарлары негізге алынған. Ережеге сай, тапсырыс берушілер мен мердігерлер шетелдік тауарлар қазақстандықтарға қарағанда сапалырақ әрі сенімдірек деп тұспалдайды. Ал ҰКП жасақтаған Отандық тауар өндірушілер тізілімінде өндірушілер саны 650-ден асып отыр. Сонда олардың барлығының өнімі сапасыз болғаны ма?», - деп тіке сауал тастады Басқарма Төрағасының орынбасары.

Отандық тауар өндірушілер жеткізген негізгі сауал  жобалау шешімі тауарды жеткізуші және тауар атауы жағынан өзгерту енгізу мүмкіндігінсіз ақтық шешім болып табыла ма? Сонымен қатар егер жобада нақты отандық немесе шетелдік өндіруші тауары көрсетілсе, одан арғы әрекеттестікті кіммен жүзеге асыру керек – мердігермен бе әлде жобалаушымен бе? Егер шетелдік жеткізуші таңдалған жағдайда жобаға өзінің тауары немесе жабдығын қолдану және негізге алу қажеттігін негіздеу үшін, отандық тауар өндіруші қандай әрекетке баруы керек? Құрылыс жүргізудің жалпы көлемі мен кестесін айқындау жөнінен жеткізушілерде түсінік қалыптаспаған, бұл жоспарлауды қиындатып жібереді.

«Астана ЭКСПО» жобаларда алынған материалдар мен жеткізушілердің соңғы кесім болып табылмайтынын және өндіруші мен бас мердігер әрекеттестігі деңгейінде әлі өңделуі мүмкін екенін жариялады. Бас мердігер жобалық шешімді қайта келісу үшін тапсырыс беруші – «Астана ЭКСПО» компаниясына аталмыш өңдеме қорытындыларымен жүгінеді, бірақ Құрылыс нормалары мен ережелерін міндетті түрде ескере отырып, міндетті түрде  авторлық қадағалау желісі арқылы өтеді.

Сонымен қатар, ЭКСПО өкілі Өмірбек Мұқанов аталмыш бағыттағы жұмыстың жүргізіліп жатқанын, апта сайын құрылыс телімдерінде өндірушілерді шақырумен тауарлар сапасы мен сұрыпталымын кейін пысықтау үшін кездесулер өткізіліп тұратынын хабарлады.

«Астана ЭКСПО» қалдық сатып алулар жөнінде ақпараттандыру мақсатында құрылыстың негізгі секторлары бойынша жеткізушілермен бірқатар кездесулер өткізуге, 25 гектар жердің – негізінде шыны және жеңілдетілген конструкциялар құрылысы екенін белгілей отырып, қажет нысандар, қолданылатын материалдар сипаттамасы жайлы ақпарат қалыптасуы үшін оларға арнап ЭКСПО жобаларын таныстыруға дайын. Сондай-ақ 50 % - бұл инвестор жеткізушілерді өзбетінше таңдайтын инвестициялық жобалар.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілі Айгүл Тілеуберлина барлық өндірушілер назарын сатып алулардың екі кезеңмен жүретініне аударды: алдымен жобалау жұмыстары, осыдан соң мердігерлік жұмыстар. Осыған байланысты жобаға түскен өндірушіні міндетті түрде мердігердің таңдауы, және де ақырында дәл соның өнімі сатылып алынатыны ақиқат емес.

«Казэнергокабель» зауытының сөз алған өкілі кәсіпорны бойынша 2 млрд 200 млн теңгеден астам коммерциялық ұсыныс болып отырған жағдайда, оның ішінде ЭКСПО аясындағы тұрғын үй құрылысына «Базис» ҚК және «BI Group» компаниялары бойынша иек 95 млн теңгенің өнімі жеткізілгенін мәлімдеді. Сондай-ақ «Сембол Иншаат» АҚ атына 335 млн. теңгеге коммерциялық ұсыныс болып отырған аталмыш кәсіпорын мысалы жағдайында шарт бар болғаны 702 000 теңгеге жасалған.

Юлия Якупбаева туындаған мәселелерге сындарлы шешім ұсынды – секторлар бойынша кездесулер ұйымдастыру: «Астана Су Арнасы» РКК, «Астана РЭК» АҚ және өзге де бейіндік пайдалануға беру ұйымдары сияқты келісуші тұлғаларды тарта отырып, шоғырсымды жабдық, электр жабдығы, сорғы жабдығы, әрлеу материалдары, профиль және басқалары. «Және де бұл жағдайда ҰКП ЭКСПО, бас жобалаушымен де, пайдалануға беру компанияларымен де сұхбат алаңы болып табылады, себебі бас мердігерлер жекелеген бағыттар бойынша нақты өндірушілердің бар екенінен хабарсыз», - деп қорытты Юлия  Якупбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер