«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Орталық Азия – Қытай: Сауда навигаторы»

2025 жылғы 20 Маусым
905 просмотров

Орталық Азия елдері мен ҚХР XXI ғасырдың жаңа сауда бағыттарын қалай қалыптастыруда? Аймақ экономикасын өркендету үшін көлік дәліздері, «ақылды» логистикалық платформалар мен жасыл энергетиканы дамытуда бизнес-көшбасшылар қандай шешімдер қабылдауда?

Экономика, әріптестік, цифрлық интеграция – мұның бәрі «Орталық Азия – Қытай: Сауда навигаторы» фильмінде көрініс тапқан.

 

 

Шығарылымнан көретіндеріңіз:

  • Іскерлік Кеңеске дайындық барысы: жұмыс кездесулерден бастап негізгі алаңдарды іске қосу мен ресми хаттамалық рәсімдер;
  • Болашақ өндірістік тізбектер қалай құрылатыны жайында B2B-кездесулер;
  • Жасыл энергетика мен цифрландыру тақырыбындағы аймақтық ынтымақтастықтың жаңа келбетін айқындайтын талқылаулар;
  • $17 млрд асатын 30-дан астам келісімнің қол қою сәттері.

«Орталық Азия – Қытай: Сауда навигаторы» - Шығыс пен Батысты жалғап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын кәсіпкерлер мен инвесторларға арналған жол картасы.

Толық фильмді YouTube-арнамыздан тамашалай аласыздар!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер