«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

12 жылға созылған әуре-сарсаң

2015 жылғы 17 Қараша
8618 просмотров

Оңтүстік-қазақстандық кәсіпкер 10 жылдан астам уақыттан бері сот шешіміне қол жеткізе алмай келеді

Ол ұзақ жылдар бойы шешімін таппаған түйткілімен соңғы инстанция ретінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

«Алихан Темiр LTD» ЖШС директоры Қайрат Ижановтың өтініші ҰКП Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевтың қатысуымен өткен Кеңестің кезекті, бесінші отырысында қаралды.

Кәсіпкер айтып бергендей, 2003 жылы «Амара» Жауапкершілігі шектеулі қоғамымен 34 темір жол вагонын жеткізуге шарт жасасады да, олардың құнын алдын ала төлеп тастайды. Алайда, кейін анықталғандай, аталмыш фирманың Қазақстан темір жолына берешегі бар болып шығып, осының салдарынан 34 темір жол вагонының барлығы тұтқынға алынады. Ақырында «Алихан Темiр LTD» ЖШС ақшасыз, вагонсыз қалады. Сотқа жүгінуден түк шықпайды. Сот оның меншік иесі құқығын танып, оған сәйкес «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жол вагондарын тұтқыннан босатуға тиіс болғанына қарамастан, сот шешімінің орындалуына қол жеткізе алмайды. Сонымен, осы кезең ішінде сол бір қырсықты вагондарды жеткізуге тиіс болған фирма ізін суытып үлгереді. Ондай фирма енді мүлдем қызмет жасамайды. Ақырында кәсіпкер құр алақан қалды және келтірілген шығынның орнын кім толтырып беретінін білмейді.

ҰКП Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Азат Перуашев кәсіпкерді тыңдап шығып, «сот шешімдері орындалуға тиіс» екенін баса көрсетті. Осыған байланысты Кеңес басшысы ең алдымен ҰКП-ға Бас көлік прокуратурасына аталмыш шешім бойынша сот орындаушылардың әрекеті немесе әрекетсіздігінің заңдылығын тексеруді сұрап жүгінуді ұсынды. Екіншісі - «Қазақстан темір жолы» ҰК Акционерлік қоғамына ұлттық компаниядағы лауазымды тұлғалардың сот шешімін орындауына қатысты жүгіну. Азат Перуашев сонымен бірге Ұлттық палатаға Әділет министрлігінің сот актілерін орындау жөніндегі департаментіне сот шешімін орындау бойынша ықпалды шаралар қолдануға қатысты өтініш жолдауды ұсынды. «Сот шешімінің күші жойылмайынша, ол орындалуға міндетті!», - деп мәлімдеді Азат Перуашев.

«Сондай-ақ ҰКП Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің кәсіпкерге сот шешімімен бекітілген заңды құқықтарын қалпына келтіру жөнінде консультациялық көмек көрсетуін сұраймын», - деп қорытты Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер