«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құрылысты «бір терезе» қағидатымен салу

2015 жылғы 12 Қараша
9934 просмотров

2016 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылыс саласындағы шығыс-рұқсат құжаттарын беру жөніндегі Бірыңғай ұлттық құжат қабылданады

Аталмыш құжатты дайындаумен ҰКП ұсынысымен Қазақстанның Құрылыс салушылар қауымдастығы базасында құрылған Жұмыс тобы айналыспақшы. Жұмыс тобының құрамына ҰКП, ҚР ҰЭМ Құрылыс істері, ТКШ және жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті, бейіндік қауымдастықтар, әкімдіктер және құрылыс ұйымдары өкілдері кірді.

Дайындаушылардың ойынша, аталмыш құжат мемлекеттік органға алғаш жүгінген сәттен бастап, нысанды пайдалануға бергенге дейінгі құрылыстың әрбір процесін егжей-тегжейлі нормативтік реттеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Онда сонымен қатар уәкілетті органдардың және оларға бағынышты ұйымдардың құжаттарды қарауының нақты мерзімдері, «бір терезе» қағидатын» жүзеге асыру, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қызметкерлермен байланысын барынша азайту көзделген және кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік сыңайлы сектор, еншілес органдар және ұйымдар, сондай-ақ түрлі ЖШС, АҚ, РМК және т.с.с. өкілдерімен байланысы толығымен жойылған. Бытыраңқы мемлекеттік стандарттар мен реттемелердің бірегейленуі болжануда. Олардың мазмұны аталмыш Ережеге кіргізіліп, осылайша барлық процедуралар үшін жалпы ережелер жасалады. Құжатта сонымен қатар рұқсат беру құжаттары тізбесінен артық, қайталанатын құжаттарды алып тастау туралы норма жазылған.

Биылғы жылдың қыркүйек айында ҚР ұлттық экономика министрінің «құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат ету процедураларынан өту ережелерін бекіту туралы» бұйрығының жобасы шыққан болатын. Аталмыш жоба қазір бейіндік қауымдастықтармен және салалық мемлекеттік органдармен келісу сатысында жатыр.

ҚР Үкіметі 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылыс саласындағы шығыс-рұқсат ету құжаттарын беру жөніндегі Бірыңғай ұлттық құжатты қабылдау мерзімін орнатып отыр.

«Атамекен» ҰКП тамыз айының басында Құрылыс және қала құрылысы мәселелері бойынша салалық кодификацияланған актіні қабылдау қажеттігі туралы құрылыс қоғамдастығының шоғырландырылған ұстанымын білдірген болатын. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен актіні 2017-2021 жылдарға арналған Заң жобалау жұмыстарының Тұжырымдамалық жоспары аясында дайындау қажеттігі жайлы келісімге қол жеткізілген еді.

Осыған орай Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат ету процедураларынан өту ережелерінің қабылдануы жақын арада Қазақстанның құрылыс саласындағы заңнамалық базаны модернизациялаудағы өзекті әрі қажетті қадам болып табылады. 

ҰКП министр бұйрығының жобасын талқылауға белсенді ат салысуды сұрайды.

Орташа статистикалық нысан құрылысы процесінің шамамен 50-ге жуық рұқсат ету құжаттарын жинауды (рұқсаттар, хабарламалар, келісулер, қорытындылар және т.с.с.), 260-тан астам қол қойылуын талап етіп, шамамен 500 жұмыс күнін алатыны белгілі. Бұл өз кезегінде құрылыс басталуы мен аяқталу мерзіміне және ақырында құрылыс құнына әсер етеді.

Бүгінгі күні өңірлерде жергілікті атқару органдары дайындаған аумаққа құрылыс салудың түрлі ережелері әрекет етуі түйткіл болып отыр, сәйкесінше, әрі өңірде процедуралардан өту тәртібі мен мерзімдері әртүрлі.

Аталмыш Құрылыс салу ережесін даярлау кезінде бытыраңқы мемлекеттік стандарттар мен реттемелерді Ереже мазмұнына кіргізе отырып, олардың мазмұнын бірегейлендіру қажет. Осылайша, «бір терезе» қағидатын қолдану арқылы барлық процедуралар үшін ортақ ережелер жасалады (ХҚКО болғаны жақсы).

ҚР ҰКП пікірінше, аталмыш түйткілді мәселенің туындауына негізгі себеп жер телімін алған сәттен бастап салынған нысанды пайдалануға беру сәтіне дейінгі құрылыс процесін айқын нормативтік реттеудің болмауы болып табылады.

2015 жылғы 30 мамырда Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жиналыстың № 17/5 Хаттамасына сәйкес, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ҰКП-мен бірге (келісу бойынша) нормативтік құқықтық актілерді құрылыс саласын реттейтін бірыңғай нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың мақсатқа лайықтылығы мәніне талдау жүргізу тапсырылған еді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер