«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әлемнің бар ақшасы бізге келсін!

2015 жылғы 10 Қараша
10709 просмотров

«Астана» Халықаралық қажы орталығының міндеті елімізге шетелдік капиталдың ағылуын қамтамасыз ету

2017 жылдан бастап елордада «Астана» Халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастайды. Орталық «Астана - ЭКСПО» көрме кешені аумағында негізделмекші.

ҚР Парламентінің Сенаты «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» («АХҚО туралы») Конституциялық заңын қабылдады.

АХҚО халықаралық қаржы және іскерлік институт ретінде АХҚО-да аккредиттеуден өткен және АХҚО құқығына сәйкес әрекет ететін қазақстандық және шетелдік заңды тұлғалар үшін қаржы қызметтері саласында ерекше жағымды құқықтық режим жасақтайды деп болжанып отыр. АХҚО аумағында АХҚО туралы заң мен АХҚО органдары актілерінің нормалары қолданылатын болады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы басқаратын АХҚО басқару жөніндегі Кеңес, Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитет, АХҚО әкімшілігі, сонымен қатар АХҚО соты құрылады. Ресми тіл ағылшын тілі болады. АХҚО актілері ағылшын тілінде қабылданып, шығарылады, құжат айналымы жүргізіліп, сот төрелігі осы тілде жіберіледі.

Заң ерекше салық, валюта және визалық режимдерді, сондай-ақ орталық органдары мен қатысушыларының шетелдік жұмыс күшін тартудың ерекше режимін реттейді. Заңда орталық органдары мен қатысушыларына, сондай-ақ орталық қызметкерлері мен қатысушыларына 50 жыл мерзімге берілетін салық жеңілдіктеріне қатысты нормалар көзделеді.

Сонымен қатар, заң АХҚО қызметінің мақсаты, міндеттері мен қағидаттарын бекітуді көздейді.

АХҚО органдарының актілері Англия мен Уэльс құқық қағидаттары мен нормаларына және жетекші қаржы орталықтарының, сонымен қатар табысты Дубай халықаралық қаржы орталығы стандарттарына негізделеді (ақпарат төменде берілген).

Жыл басынан бастап даярлық жұмыстары мен қаржы орталығына қатысушыларды тіркеу басталады.

Дубай халықаралық қаржы орталығының (DIFC) халықаралық тәжірибесі

Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) Біріккен Араб Әмірліктерінде қабылданған заңдардан ерекшеленетін жеке азаматтық және коммерциялық құқық нормалары бар, ағылшын прецеденттік құқығы қағидаттарына негізделген тәуелсіз юрисдикция болып табылады. DIFC заңнамалық және құқықтық актілері ағылшын тілінде жасалған және басқаша оқылған жағдайда ағылшын құқығы нормаларына сілтеме жасайды.

DIFC – Таяу Шығыс, Африка Және Оңтүстік Азияның дамып келе жатқан нарықтарын Еуропа, Азия және Американың дамыған нарықтарымен біріктіретін жетекші өңірлік қаржы және іскерлік институт, онда:

  • ауданы – 44,5 гектар
  • 1 039 белсенді компаниясы мен қаржы институты бар (2014):
  • әлемдегі 30 ірі банктің 22-сі орналасқан
  • әлемдегі 20 жетекші қаржы топ-менеджерінің 11-і қызмет жасайды
  • әлемдегі 10 ірі сақтандыру компаниясының 6-ы
  • әлемдегі 10 ірі заңгерлік компанияның 7-і орын тепкен
  • 17 мың қызметкер DIFC-де еңбек етіп жатыр
  • 131 ел өкілдері DIFC-де жұмыс жасайды
  • 232 мың шаршы метр кеңсе аумағын DIFC компаниялары алып жатыр
  • 23 мың шаршы метр жаңа кеңсе ауданы бар
  • DIFC компаниялары арасындағы қанағаттану деңгейі 92% құрайды
  • 1039 компания DIFC-де қызмет жасайды, оның ішінде:

327 компания DIFC-де қаржы қызметтерін көрсетеді, 565 компания DIFC-де бейқаржылық қызметтер көрсетеді, 145 ритейл компания.

DIFC артықшылықтары:

  • корпоративтік және жеке табыс салығының мөлшерлемесі 0%
  • бизнеске шетелдік 100% иелік ету (жергілікті акционерлердің қатысуынсыз)
  • капитал мен табыстың еркін репатриациясы - шектеусіз
  • халықаралық деңгейде қабылданған заңдар мен реттеу процестері
  • визаларды, жұмыс жасауға рұқсаттар мен басқа да сәйкес сұрауларды берудегі «бір терезе» қағидаты
  • қарыздық және үлестік құралдардың бастапқы және қайталама тізімдері бар халықаралық қор биржасы
  • білікті мамандар

DIFC сонымен қатар жеке сотқа ие (DIFC Courts), онда Англия, Сингапур және Гонконгты қосқанда жалпы құқықтың жетекші юрисдикциялы соттары төрағалық етеді.

DIFC соттары қазметінде жеке заңнаманы – Ұлыбританияның Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларына сәйкес жасалған DIFC Сотының Қағидаларын басшылыққа алады. DIFC сотына қарағанда, Дубай Әмірлігінің қалған соттары азаматтық процесте құқықтың континенталдық жүйесін және жеке тұлғалардың жеке мәртебесі жағынан мұсылман құқығының бейімделген қағидаттарын қолданады.

Дубай халықаралық қаржы орталығы елдің инвестициялық тартымдылығын айтарлықтай көтеруге мүмкіндік береді, бұл елге шетелдік капиталдың ағылуына сеп болады, ішкі нарыққа қосымша өтімділік әкеледі.

DIFC миссиясы ел экономикасындағы қаржы қызметтерінің өсуіне әрі дамуына жәрдемдесу және мемлекетке инфрақұрылымды қамтамасыз ету, сонымен қатар мүдделі елдер үшін бәсекеге қабілетті қызметтерді қамтамасыз ету болып табылады.

Негізі қаланған сәттен бері DIFC стратегиясы бес бағытта шоғырланған:

  • Халықаралық санаттағы қаржы орталығы үшін негіз болып табылатын құқықтық инфрақұрылымды дамыту;
  • Әлемдегі ірі банктер мен қаржы мекемелерінің сыни көлемін тарту;
  • Экономикалық өсім мен тұрақты дамуды қаржыландыру;
  • Еңбек өнімділігін көтеру;
  • Оқу орталықтарын құру және білімді беру мен алмасуды ынталандыру. 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер