«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құрылысшыларға арналған басты құжат

2015 жылғы 06 Қараша
10120 просмотров

Қазақстанда Құрылыстағы технологиялық карта дайындалуда

«Атамекен» ҚР ҰКП құрылыс қоғамдастығын «Құрылыстағы технологиялық карталарды дайындау, келісу, бекіту және олардың мазмұны жөніндегі мемлекеттік нормативті бекіту туралы» ҚР ұлттық экономика министрінің бұйрығы жобасын талқылауға белсене ат салысуды сұрайды.

Технологиялық карта құрылысты ұйымдастыру жобасымен және жұмыстарды жүргізу жобасымен бірге құрылыстағы негізгі ұйымдастыру-технологиялық құжат болып табылады.

Технологиялық карта механикаландырудың заманауи құралдарын, технологиялық жарақтандыруды, құралдарды және аспаптарды біршама тиімді қолданумен еңбекті ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенінен тұрады. Технологиялық картаға жұмыс сапасын жақсартуға және мерзімін қысқартуға, оның өзіндік құнын төмендетуге сеп болатын құрылыс өндірісі технологиясы бойынша біршама прогрессивті және тиімді әдістер кіреді. Технологиялық карта үнемді және жоғары сапалы ғана емес, жұмыстың қауіпсіз орындалуын да қамтамасыз етеді, себебі қауіпсіздіктің нормативтік талаптары мен ережелерінен тұрады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сараптау қорытындысын мүмкіндігінше қысқа мерзімде ұсыну үшін ҚР ұлттық экономика министрінің «Құрылыстағы технологиялық карталарды дайындау, келісу, бекіту және олардың мазмұны жөніндегі мемлекеттік нормативті бекіту туралы» бұйрығының жобасы келіп түсті.

Нормативтік құқықтық акті жобасының, сонымен қатар ҰКП тарапынан жасалатын бизнестің шоғырландырылған ұстанымын білдірудің маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді негізді  түрде 2015 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде «Атамекен» ҰКП Құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитеті Хатшылығы қызметкерінің электронды a.dosmaganova@palata.kz мекенжайына «Технологиялық карта бойынша» деген белгімен жіберулеріңізді сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер