«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Чехия бизнесмендері Қазақстанда мал шаруашылығы фермалары құрылысын жүргізбекші

2015 жылғы 05 Қараша
12380 просмотров

Чехия Республикасы ауыл шаруашылық министрі Мартин Юречку бастаған чехиялық 25 компания бизнес-миссиямен Астанаға келіп жетті

Чехиялық кәсіпкерлердің сапары Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Чехия Республикасының ТМД елдері бойынша Сауда-өнеркәсіп палатасы бастамасымен ұйымдастырылды.

Қазақстанға ауыл және орман шаруашылығы, сүт өндірісі, майлы дақылдарды өңдеу, химия және тамақ өнеркәсібі, фармацевтика, тасымалдау және логистика, сусын және азық-түлік өндірісі сияқты салаларда еңбек ететін, сонымен қатар қаржы және заң қызметтерінің кең көлемін көрсететін компаниялар келді. 

Сонымен, ынтымақтастыққа мүдделі чехиялық компаниялар арасында азық-түлік өнеркәсібі үшін технологиялық жабдықтарды еткізумен және инжинирингпен айналысатын «Aaela» ЖШҚ бар. Фирма наубайханалар мен шағын наубайханалар, сыра қайнататын орындар мен шағын сыра қайнататын орындар үшін, ет комбинаттары, консерві зауыттары, көкөністер мен жемістерді қайта өңдеу желісі, тоңазытқыш қоймалары және т.с.с. үшін жабдықтарды қамтамасыз етуге, сонымен қатар дайын жобаларды ұсынуға әзір.

«АРГО Богемия» ЖШҚ қазақстандық әріптестерімен бірлескен кәсіпорын ашуға дайын. Компания көлік, экспедиторлық және логистикалық қызметтер, Еуропа-Қазақстан бағытында және кері бағытта ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлікке ерекше көңіл аудара отырып жүк тасымалдау ұсыну саласында 20 жылдан бері жұмыс жасап келеді.

Еуропадағы ірі темір жолмен жүк тасымалдаушылардың бірі - «ČD Cargo» АҚ да Еуропаға немесе Еуропадан тауарлар тасымалдауға мүдделі әлеуетті іскер серіктестер іздейді.

«NFBA Bohemia s.r.o.» ЖШҚ Қазақстанды майлы тұқымдастар, рапс, зығыр, қыша, сафлор экспорттаушы ретінде көреді.

Чехия сырасын өндіруші әрі сатушы «Czech Royal Beer s.r.o.» компаниясы әлеуетті дистрибьюторлармен, сауда желілерімен, супермаркеттермен және көтерме дүкендермен кездесуге мүдделі.

Қазақстандық кәсіпкерлердің чехиялық компаниялармен екі жақты кездесулері «В2В» форматында өтті.

Екі жақты экономикалық қатынастарды дамытудың ең тиімді құралдарының бірі шағын және орта бизнес арасындағы тікелей байланыстарды жөнге салу болып табылады. Чехиялық компаниялар тәжірибе және технологиялар тұрғысынан көптеген дүниелер ұсына алады. Қазақстандық компаниялар өз кезегінде ауыл шаруашылығын, мал шаруашылығын және генетиканы, химия өндірісін және т.б. нысандарды технологиялық жабдықтаудың чехиялық тәжірибесін меңгеруге мүдделі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер