«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Келді, айтты және …жеңді!

2015 жылғы 03 Қараша
9385 просмотров

ӨКП мүшелерінің әкімдіктегі жер комиссиясына қатысуы бизнесменнің агромаркет салуға жер телімі бөлінуі төңірегінде туындаған мәселесін шешуде көмек болды

Оралда сауда кешенінің құрылысы белсенді жүріп жатыр. Онда «Дары природы» супермаркеті мен облыстағы өсімдік және мал шаруашылығына маманданған шаруашылықтар үшін қажет өнімдердің барлығын орналастыру жоспарланып отырған агромаркет орын тебеді. Сауда кешенін салу процесінде «AGM Group» ЖШС директоры Ерлан Ақбарақовқа жеткізушілердің ауыр жүк автомобильдері айнала алатын, жеке жүк автомобильдері тұрағына арналған, сонымен қатар жабық жайды қажет етпейтін тауарларды қоюға арналған орын үшін қосымша алаң қажет болады.

Кәсіпкер қосымша жер телімінің бөлінуін сұрап, өтініш береді. Бірақ Орал қаласының жергілікті атқару органына бірнеше мәрте жүгінуі түрлі себептермен кейінге шегеріле береді. Біресе құжаттары дұрыс болмайды, біресе нысаналы мақсаты қате жазылады.

«Әр сәт сайын шенеуніктерге облысымыз үшін агромаркеттің қажет екенін дәлелдеп отыруға тура келеді. Ауылшаруашылық тауар өндірушілер агромаркетке келе отырып, өндіріске қажеттің бәрін ала алар еді. Агромаркет дәнді дақылдар тұқымдары бөлімінен, агрохимия бөлімі, ветеринарлық препараттар бөлімі, ауылшаруашылық техникаға арналған қосалқы бөлшектер бөлімінен, бау-бақша құралдары бөлімінен және т.б. тұратын болады. Кәсіпкерлер палатасы туралы естігенім көп, міне, содан, жәрдем сұрап жүгінуге бел будым», - деді өтінішін тіркеу кезінде Ерлан Ақбарақов.

«Әрбір өтініш бойынша картаны және бұдан арғы қарау форматын анықтаймыз. Бірінші кезекте кәсіпкердің мәселесін ауызша формада, хат алмасусыз шешуге тырысамыз, - деді құқықтық блок сарапшысы Саид Садаров. – Бұл жағдайда «AGM Group» ЖШС жүгінуі бойынша мәселені Орал қаласы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы мүшелерінің қатысуымен шештік. Жер комиссиясы құрамына Палата өкілдері Мұрат Кеңесов, Шолпан Махмұдова, Хайдар Қапанов және басқа да бизнес-қоғамдастық өкілдері кіргізілгеннен бері бизнес мүддесі біршама көрнекі әрі нәтижелі қорғалуда. Кәсіпкер жер комиссиясының отырысында жобасының презентациясын өткізіп, көпшілік дауыспен мәселесі оң шешімін тапты».

Жалпы, БҚО бойынша мемлекеттік органдар жанынан жеке кәсіпкерліктің мүддесін қозғайтын 30-ға жуық консультативтік-кеңесу органы құрылған. Бизнес және Палата өкілдері ең басымдылықты 27 ККО-ға кіргізілген.

Батыс Қазақстан облысы ККО басым көпшілігінің құрамында 45% астамы бизнес пен қоғамдық ұйымдар өкілдері екенін атап өту керек. ККО отырыстарында қаралған 134 мәселе ішінен 30 мәселені бизнес өкілдері бастамалаған.


Ұқсас жаңалықтар:

Төлем жасалсын немесе тауар қайтарылсын!
4 Қыркүйек
2018
Солтүстік Қазақстан облысы
Жер учаскесі сот арқылы қайтарылды
13 Тамыз
2018
Жетісу облысы
Құқық қорғауда бизнес-омбудсмен көмекші
25 Мамыр
2018
Солтүстік Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер