«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер учаскесі сот арқылы қайтарылды

2018 жылғы 14 Тамыз
- Жетісу облысы
7031 просмотров

Мемлекеттік орган жерді мақсатты пайдаланбау себебімен қайтаруды талап етті

 Алматы облысының Азамттық істер бойынша соттың алқасы Жер телімдерін пайдалану және қорғауды бақылау жөніндегі облыс басқармасының «Тасбекен» жеке кәсіпкерлігіне қатысты апелляциялық шағымын қолдамады. Мемлекеттік орган кәсіпкер Күлман Мұқашевадан ауданы 0,1200 га жер учаскесін тартып алуды және сату-сатып алу туралы шартты заңсыз деп тануды талап етті. Басқарманың пайымдауынша кәсіпкер жер усакесін мақсатты нысанына қарай дұрыс пайдаланып отырған жоқ.

 Бұған дейін Алакөл ауданы Ақши ауылының кәсіпкері жерді демалыс үйі мен қызмет көрсету бойынша кәсіп ашуға алады. Алайда қаражаттың жетіспеуі себебімен құрылыс жұмыстары кеш басталады. Осыған байланысты 2016 жылы жеке кәсіпкерліктен жерді мақсатты пайдалану талап етіліп және 5 АЕК көлемінде айыппұл салумен нұсқама жасалды.

 Бірінші инстанциялы сотта Жер телімдерін пайдалану және қорғауды бақылау жөніндегі облыс басқармасы қызметкерлердің пайымдауынша нұсқамаға қарамастан жеке кәсіпкерлік құрылыс жұмыстарын бастамаған.

 Іске Кәміпкерлер палатасының сарапшылары аралсқан соң сотта басқа дәлелдер жасалады.

 «Мемлекеттік органның кезекті тексерісі кезеңінде кәсіпкер құрылысқа рұқсат алу бойынша құжаттарды жинап жүрген. Бұған қоса, сот назарына бірқатар құжаттар – сәулет-жобалау тапсырмасы, жоспарланған жұмыстар жобасы, эскиз жобасы, қорытынды, сараптама, құрылыс компаниясымен келісімшарт, жалға алу келісімшарты, құрылыс үдерісін бақылау туралы келісімшарт, жобалық-сметалық жоспар, тапографиялық түсірілім ұсынылды. Осы құжаттарды дайындауға жеке кәсіпкерлік 3 млн-нан астам теңге жұмсады», – деді ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлім сарапшысы Бақтияр Биболатов.

 Осы ретте кәсіпкер сотта жер учаскесіне дайындық жұмыстарының басталуы туралы әкімдіктің бас маманы қол қойған актіні ұсынды. Бұл дәйектердің барлығы шешімді жеке кәсіпкерліктің пайдасына беруге ықпал етті.

 Мемлекеттік орган кәсіпкерге апелляциялық шағым түсірген соң екінші инстанциялы сотқа да құрылыс басталғаны және учаскенің нысаны жайында хабар беретін, оның ішінде Мемлекеттік сәулет және құрылыс бақылау басқармасы берген құрылс-монтаж жұмыстары басталғаны жайында хабарлама талоны сынды  барлық құжаттар көрсетілді.

 «Осылайша Алматы облыстық азаматтық істер бойынша сот алқасы басқарма шағымын қанағаттандырмай бірінші инстанциялы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды», – деді Бақтияр Биболатов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер