«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ритейлерлер мен Сауда ойын-сайық орталықтарының жалгерлік түйткілдері мемлекеттің араласуынсыз шешілмейді

2015 жылғы 29 Қазан
9808 просмотров

Бұл туралы дауласушы екі тарап та сеніммен айтып отыр. Сауда орталықтары бағаны төмендетуге қуана келіседі, бірақ олай жасай алмайды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ритейлерлер мен ірі сауда орталықтарының төңірегінде қалыптасқан күрделі жағдай талқыланды. Түйткіл доллардың еркін бағамы салдарынан Сауда орталықтары алаңдарын жалдау бағасы аса көлемді мөлшерге көтеріліп кетуінде болып отыр.

«Сұхбаттаса алатын алаң ұсынған ҰКП-ға рақмет. Өкінішке орай, барлық әріптестерімізбен бірдей сындарлы сұхбат құру мүмкін болмай отыр. Бір аптадан астам уақыт бұрын өткен келіссөздердің бірінші айналымынан бері едәуір жағымды өзгерістер байқалуда. Серіктестеріміздің көпшілігі – СОС орталықтарының иелері аса жақсы байланыста. Қазір орын алып отырған түйткіл келісімшарттардың валюталануында емес, ол одан сәл ауқымдырақ: Сауда орталықтарының иелері бізге көмектесуге қуана-қуана келісер еді, бірақ валюталық міндеттемелер салдарынан олай істей алмайды», - деді Қазақстанның Ритейлерлер қауымдастығының президенті Василий Горевой.

Сөйтіп, оның сөзінше, қауымдастық күллі ел көлемінде бірқатар СОС орталықтарымен маңызды келісімдер жасасқан. «Жалдау төлеміне жаңа шарт ретінде қандай да бір ең төмен деңгейді белгілеуді және оған сатудан үлесті қосуды, не болмаса әрбір бренд үшін белгілі бір мөлшерде сатудан алынатын үлесті белгілеуді қарастырамыз. Бірақ валюталық қарыздары барлармен арадағы түйткіл өткірленіп тұр – бұл аса ірі девелоперлік компаниялар», - деп атады Василий Горевой.

Ол сонымен бірге ритейлерлер мен сауда орталықтарының арасында «ешқандай қарсылықтың жоқтығын», екі тараптың да жанасу нүктесін табуға тырысып жүргенін баса көрсетті.

«Хан Шатыр» Сауда ойын-сауық орталығы жалдау бөлімінің басшысы Марат Исмағұлов тараптардың аталмыш түйткілді өз бетінше шеше алмайтынын атады. «Бұл жерде мемлекеттің қолдауынсыз болмайды. Қарапайым ақиқат: арзан теңгені қазір ешбір банктен таба алмаймыз, тек мемлекеттен ғана. Бұл жалғыз ғана шығар жол», - деді ол.

«Салмақты мәселе және салмақты шешімді қажет етеді. Ал мемлекеттің қатысуынсыз бұл түйткілді шешпейміз, себебі сауда орталықтарының иелері кредиттік төлемдерді валютамен төлеуге мәжбүр», - деп келісті онымен Қазақстандық сауда компаниялары және электр тұрмыстық, компьютер техникасы және күрделі техникалық жүйелер қауымдастығының төрағасы Сергей Архипкин.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі халықтың жұмысбастылығы департаменті берген деректер бойынша, 2015 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда үшінші тоқсанда тіркелген жұмыссыздар саны Қазақстанда 10% өскен. Ал Алматы қаласындағы жұмыссыздық 30%, Астанада 25% өскен.

«Түйткіл кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға және жұмыссыздықтың өсуіне әкеліп отыр. Көпшілігі сауда орталықтарынан кетіп қалып жатыр, себебі жалдау ақысын төлеу тиімсіз. Бұл көлемді әлеуметтік түйткіл деп ойлаймын. Оны шешуге ерекше еппен келуіміз керек», - деп мәлімдеді ведомство сарапшысы Әлім Байсақалов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер