«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» сауда - ойын-сауық орталығындағы қауіпсіздікке қатысты пікір білдірді

2018 жылғы 27 Наурыз
4032 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Ресей Федерациясы Кемеровода болған қайғылы жағдайды үлкен өкінішпен қабылдады

Біздің пайымдауымызша көп адамның өліміне әкелген мұндай жағдай болмауы керек.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қашанда адал бизнесті – заң тұрғысында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қолдайтынын айтып келеді.

Осы ретте сауда – ойын-сауық орталықтары жоғары тәуекелдері бар объектілеріне жатқызылады және өрт қауіпсіздігі бойынша органдар тарапынан жыл сайын тескеру жұмыстары жүргізіледі.

Егер тексеру барысында ауытқулар мен тәртіп бұзу анықталса, мемлекеттік орган нысандарды қайта тексеруге құқылы, мәселен 2017 жылы мемлекеттік орган бұрын тексерілген объектілердің 95 пайызын қайта тексеріп шықты. Осылайша өрт қатері төмендетіледі.

Қазір бизнесті қайта реттеу, тексеру санын азайту, алдын алу бақылауын енгізу, яғни кәсіпкерді жазаламай, бірінші ескерту жасау туралы көп айтылады.

Айта кетелік, өрт қауіпсіздігі саласында алдын алу бақылауы енгізілмейді, яғни тәртіп бұзған кәсіпкерлер заң бойынша қатаң жазаланады.

«Атамекен» осындай талаптар барда мемлекеттік бақылауды күшейту қажеттілігін көріп тұрған жоқ. Өйткені мұндай шаралар кейбір шенеуніктерді сыбайлас жемқорлыққа итермелейді және бизнеске деген қысымды еселей түседі.

Сауда ойын-сауық орталықтарын жоблау мен құрылысы туралы бірер сөз.  

Белгілі болғандай объектілерді жобалауда өрт қауіпсіздігі органдары салу және пайдалануға беруде мақұлдау процедураларынан алынып тасталғанына бірнеше жыл болды. Жобалау кезінде өртке қарсы нормаларды орындау жобалаушылар мен сараптамаға жүктелген, ал құрылыс пен пайдалануға беруде жауапкершілік авторлық және техникалық қадағалауға жүктеледі.

 Ғимарттар мен нысандарға қойылатын өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар құрылыс нормаларымен белгіленеді (ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 «Ғимараттар мен ғимараттардың өрт қауіпсіздігі» ҚР ҰҒА 2.02-01-2014 «Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары», «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенттерінің ережелерін іске асыруға арналған «Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі» «Объектілерді қорғауға арналған жабдық» және «Өрт сөндіру және автоматты өрт дабылы жүйелерімен ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды жабдықтауға қойылатын талаптарды, өртте болған адамдарды эвакуациялауды ескерту және бақылау»).

Бұл нормативтер жаңадан салынған және қайта жаңартылған ғимараттар, үй-жайлар мен ғимараттар үшін өртке қарсы талаптардың кең спектрін, сонымен қатар ғимараттардың өрт-техникалық сипаттамасын, олардың элементтері мен бөлшектерін, үй-жайларын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын белгілейді, ал бұларды ұстану өртті максималды аладын алады.

Жобалау мен жобалық-сметалық құжаттау сараптама кезеңінде (жеке және мемлекеттік сараптама да) бірінші кезекте аталған нормативтер талаптарын негізге алады, өйткені олар әкімшілік қана емес қылмыстық жауапкершілікті де көтереді.

Осы мақұлдау процедуралары өрт тәуекелдерін азайтады деп санаймыз, осы ретте уәкілетті орган жыл сайын өрт қауіпсіздігі бойынша тексеру жүргізеді.   

«Атамекен» бизнес мүддесін де, қоғам (халық) және мемлекет мүддесін де сақтау қажеттілігін толығымен қолдайды. Осы саланы дамытудың бастапқы кезеңінде біз бюджетті қаржыландыру мүмкіндігін, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымды қолдау және құру жөніндегі мемлекеттік жобаларды білікті сарапшылардың қатысуымен орналастыруды қарастырамыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер