«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кино болады!

2015 жылғы 28 Қазан
- Қостанай облысы
12605 просмотров

Қостанайда «Қазақстан» кинотеатрының иесі сотта ғимаратқа іргелес жатқан жер теліміне құқықты жеңіп алды. Даулы мәселенің соңғы нүктесін Жоғарғы соттың қадағалау алқасы қойды.

28 қазанда еліміздегі жоғарғы сот органы «AMC COST» ЖШС Қостанай облыстық сотының кәсіпкерге тиесілі жер телімін меншіктен шығаруға қатысты шешімінің күшін жою туралы шағымын қанағаттандырды.

«Осылайша, фирманың заңды құқығы мен мүддесі қорғалды. Палата осы уақыт бойында түйткілді мәселені қадағалап, заңдық қолдау көрсетті, барлық инстанциялардағы соттарға шағымдар жазуға көмектесті», - дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдармен әрекеттестікті ұйымдастыру жөніндегі бөлімінің бастығы Манарбек Бермұханбедов.

Қалалық шенеуніктер мен «AMC COST» «Қазақстан» кинотеатрына іргелес жатқан жерге деген құқыққа 2013 жылдан бері таласып келе жатқанын еске саламыз. Сонда әкімдік фирма сатып алған телімге бұрын берілген рұқсатты кері қайтарып алып, осыдан кейін «жалпы қолданыстағы нысандарды құрылысқа» мәжбүрлі түрде алу процедурасының басталғаны туралы хабарлайды.

Қостанай облысы прокуратурасы бұл шешімге қарсылық енгізіп, ол апелляциялық тәртіпте заңсыз деп танылады. Алайда сәл кейін кассациялық алқа оның күшін жойып, фирма Жоғарғы сотқа жүгінуге мәжбүр болады.

Сәл бұрын «AMC COST» жәрдем сұрап жүгінген Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары түйткілді мәселені «Атамекен» ҚР ҰКП басшылығының қатысуымен Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысына шығарған болатын. Нәтижесінде фирмаларға аталмыш телімде бизнесті кеңейтуге банктен алынған кредит бойынша ай сайынғы төлемді 5 миллионнан 2 млн. 600 мың теңгеге дейін қысқартуға көмектесті.  Мұндай қолдау компанияның сот ауыртпалығы кезеңінде банкпен уақытында есеп-айырысуына мүмкіндік берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер