«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада бизнес жүргізуге жер беріледі

2015 жылғы 28 Қазан
16894 просмотров

Астана әкімдігі ісін бастаушы кәсіпкерлер үшін осындай мүмкіндік беретін болды

Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Малика Бектұрова бүгін өткен елорданың Кәсіпкер-әйелдер конференциясында сөйлеген сөзінде осылай деп хабарлады. 

«Көше саудасына мыңға жуық телім берілетін болады. Оған өркениетті сауданың барлық түрлері кіреді. Бұл, әрине, бұрын болғандай, қала орталығындағы шағын базарлар емес», - деп атады Малика Бектұрова.

«Бұл балмұздақ сатылатын, мобильді балалар ойын алаңдары қойылатын өркениетті сауда формалары болмақшы», - деп жалғады сөзін елордалық әкімдік өкілі.

Ол сонымен бірге әлеуетті жалгерлерге анық талаптар қойылатынын баса көрсетті. Мысалы, бұл болашақ нысандарды ресімдеу, жалға алынған аумақты жинап отыру жөніндегі міндеттемелері. Сонымен бірге ісін бастаушы кәсіпкерлер айналысатын немесе айналысқысы келетін бизнес заңды болуға тиіс, ал салық құжаттамасы мінсіз болуы керек.

«Бұл кәсіпкерлер үшін шағын сауда саласындағы осындай жобалар арқылы өзін сынап көрудің әрі мұның қаншалықты тиімді болатынын байқаудың жақсы мүмкіндігі», - деп атады кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы.

Өтінімдердің барлығын әкімдік пен басқарма қызметкерлерімен бірге «Атамекен» ҰКП, сараптау кеңестері мен салалық одақтар өкілдерінен тұратын комиссия қарайтын болады. Жерді ықтимал жалға алуға келер болсақ, онда қазір әкімдікте талқыланып жатқан нұсқалар арасында ұзақ мерзімдік жалдау, аукционда жерді сатып алу, не болмаса әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациямен бірге бизнес-жобаны ашу қаралуда. Малика Бектұрова жалдау мөлшерінің «аса қолжетімді болатынына» сендірді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер