«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Айжан апаның ісі

2015 жылғы 27 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
14539 просмотров

Бизнеспен айналысуға ешқашан кеш болмайды, әсіресе зейнеткерлікке сәл ғана қалғанда

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының 58 жастағы тұрғыны Айжан Жәкеева осылай деп шешіпті. Оның ойынша, құрметті демалыста уақытты пайдалы өткізіп қана қоймай, жақсы табыс табуға да болады.

Негізінде, Айжан апа жеке бизнеспен айналысуды көптен бері армандап жүрген еді, бірақ бел шешіп кірісе алмай жүрген болатын. Ал биыл, зейнеткерлікке шығатын уақыт таяп қалғаны есіне түсіп, арманын жүзеге асыратын уақыт келді деп шешеді.

Жолдасы екеуі өмір бойы отбасының игілігі үшін жұмыс жасап келген. Немере сыйлап үлгерген үш бала – екі қыз бен бір ұлды бірге тәрбиелеп өсірді. Балалардың барлығы лайықты білім алған, жақсы жалақылы орында жұмыс жасайды. Бірақ Айжан Берлікқызы құр қол қарап отыратындар қатарынан емес. Ол жұмыс үстінде ғана өмірдің қызығын сезінеді, балалары мен немерелеріне де бұл қолдау артық болмайды. Осы оймен СҚО Кәсіпкерлер палатасының Аққайың ауданындағы филиалына келеді.

Отбасылық кеңесте автотасымалдаулармен айналысуға шешім қабылданады, алайда Айжан апа Палата филиалының менеджерінен консультация алып, барлық жақтарды екшеп алған соң, бизнестің бұл түріне әлі келмейтініне көзі жетеді. Ол өзі үшін мамандығы педагог болса да, ауыл шаруашылығы сияқты қызмет түрінің біршама жақын екеніне көзі жетеді. Бәрібір ауыл өмірін отбасын азық-түлікпен қамтамасыз ететін, ауыл тұрғынына айтарлықтай демеу болатын жеке шаруашылықсыз елестетуге болмайды.

Болашақ зейнеткердің жеке кәсіпкерлік ашуына, бизнес-жоспар құруына және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кредиттеуге қатысу мүмкіндігін беретін «Бизнес-кеңесші» жобасымен оқудан өткізіп, сертификат бере отырып, кәсіпкерлік ісін үйренуіне көмектесті. Айжан апа жылдық 6 пайызбен 2 млн теңге мөлшеріндегі кредит алып, шаруашылығын ұйымдастыруға белсене кірісті. Қазір 3 бие мен 8 сауын сиыр сатып алып, сүт, қымыз, сондай-ақ оларды қайта өңдеу өнімдерін өндіруді кеңейтуді жоспарлауда.

«Айжан Берлікқызы аталмыш қызмет түрінің ең соңғы дағдылар мен білімдерді игергенде ғана табысты болатынын түсінеді. Себебі өнім сапасы мен санын қалай көтеруге болатыны туралы еш түсінігі болмай тұрып, мал өсірудің мәні жоқ. Сондықтан да ол малдың осы түрлері мен олардың тұқымдарын өсірудің бар ерекшеліктерін белсене үйреніп қана қоймай, жақсы тиімділікке қол жеткізудің экономикалық жағын да зерттеп-білмекші. Бұл жағынан Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыратын оқыту курстарына да сүйенуді жоспарлап отыр», - дейді СҚО КП жергілікті филиалының директоры Руслан Айытов.

Айжан Жәкеева қазір бұрын кездеспеген көптеген мәселелерді шешіп жатыр: жануарлардың негізгі рационын қалай құрастыру керек және оларды жемдеудің нюанстары, түрлі азықтың сипаттамалары мен оларды қолдану мүмкіндіктері, сонымен қатар өнім мен өндіріс қалдықтарын қайда, кімге әрі қалай өткізу керектігін анықтауда. Кәсіпкерлік қызметінің басында-ақ болашақ тұтынушылар, сондай-ақ бәсекелестер, өткізу нүктелерін таңдау және клиенттермен шарт жасасу жайлы ойлау қажет. Ал олар жақын жатқан елді мекендердегі сауда нүктелері де, ірі базарлар да, өнімді көтерме сатып алатын қайта сатып алушы ұйымдар болуы да мүмкін.

«Осының бәріне аудандық Палата филиалының менеджер-консультанттары көмектесіп жүр. Осы қолдаудың арқасында ісімнің табысты боларына сенімім мол», - деді өмірі жаңа мағынаға ие болған ісін бастаушы бизнес-леди.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер