«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесмен шенеунікпен дос бола ма?

2015 жылғы 23 Қазан
- Маңғыстау облысы
13266 просмотров

Неліктен әкімдіктер консультативтік-кеңесу органдары қатарынан бизнес өкілдерін көруді қаламайды?

Маңғыстау облысы қалалары мен аудандарындағы түрлі комиссиялар жанынан құрылған консультативтік-кеңесу органдарында бизнестің 11 өкілі ғана бар, ал 36 органда олар мүлдем жоқ. Осылайша, көптеген шешімдер бизнестің пайдасына қабылданбайды. Бұл әкімдіктердің комиссияларда бизнес өкілдерін көруге мүдделі еместігі жайынан хабар береді. Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кезекті отырысы барысында осы туралы айтылды. Маңғыстау обылысы әкімдігі мен өңірлік Кәсіпкерлер палатасы арасында жасалған кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, бизнес өкілдері облыс әкімі жанындағы 20 консультативтік-кеңесу органына қатысады. Соның ішінде 8 ең маңызды Консультативтік-кеңесу органында бизнс өкілдері 50%-дан астам орынға ие. ККО құрамы бойынша енгізілген 25 ұсыныстан, олардың консультативтік-кеңесу органы болып табылмайтынын уәждей отырып, бас тартылған.

ӨКП әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі бөлім сарапшысы Асқат Байболатовтың айтуынша, мамыр айында Маңғыстау облысы қалалары мен аудандарының әкімдіктеріне ККО-ға бизнес өкілдерін кіргізу туралы ұсыныстар жіберілген. Алайда, Бейнеу ауданынан басқа комиссиялар бойынша бизнес өкілдері кіргізілмеген. Аталмыш мәселеге мүддесіз кейбір әкімдердің ұстанымдары түсініксіз күйінде қалып отыр.

Мәселен, Маңғыстау ауданында ӨКП-ның бизнес өкілдерін 5 ККО-ға кіргізу туралы ұсынысы еленбеген. Мұнайлы ауданының әкімдігі бизнес өкілдерін Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптау кеңесіне кіргізген, ал қалған 5 ККО бойынша Палатаға ақпарат берілмеді. Түпқараған ауданының әкімдігі 6 ККО ішінен бизнесмендерді үшеуіне ғана кіргізіп, бұған қалғандарының консультативтік-кеңесу органына жатпайтынын желеуретіп отыр. Қарақия ауданындағы жағдай да осындай. Жаңаөзен қаласында әкімдік кәсікерлерді тек жер комиссиясына қосқан, ал Ақтау қаласының әкімдігі – 14 ККО-дан тек үшеуіне. Жалғыз Бейнеу ауданында ғана Палатаның барлық 3 ККО-ға бизнес өкілдерін қосу туралы ұсынысы еленген.

Дегенмен, өңірлік кәсіпкерлер палатасы берілмек емес және бизнес өкілдерін барлық комиссияларға қосуға қол жеткізбекші. «Консультативтік-кеңесу органына бизнес өкілдерін кіргізу мәселесі жөніндегі жұмыс жалғасын табады. Бұл біздің ортақ міндетіміз. Аталмыш мәселені шешуге жұмыла күш салуға тиіспіз, себебі бұл өңірдегі бизнестің гүлденуі үшін жасалатын әрекеттердің негізгі тетіктерінің бірі болып табылады», - деді ӨКП әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі бөлімінің сарапшысы Асқат Байболатов.

Өңірлік кеңес мүшелері аталмыш мәселені облыс әкімі Алик Айдарбековпен талқыламақшы. Қалалар мен аудандар әкімдерінің жергілікті жерлерде тапсырмаларды атүсті орындап жүргенінің себебі енді анықталатын сияқты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер