«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Консультативтік кеңестердің тиімділігін қалай көтеруге болады?

2015 жылғы 27 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
11476 просмотров

Консультативтік-кеңесу органы Палатаның мемлекеттік органдарға ықпал етуіндегі тетіктердің бірі болып табылады

БҚО Кәсіпкерлер палатасында ККО қызметіне қатысудың тиімділігін талқылау үшін жергілікті атқару органдары жанындағы консультативтік-кеңесу органдарына кіретін бизнес өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуде бизнесмендер 8 ай ішіндегі жұмысқа есеп берді және  50%-ын бизнес құрауға тиіс кеңесу органдарының қалай жұмыс жасауға тиіс екенін талқылады. Осы комиссиялар жұмысының тиімділігін көтеру үшін, бизнес берген дабыл билікке шынымен де жетіп, кері жауап алынуы үшін, не істеуге болады?

Кәсіпкерлік саласындағы әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі бөлім бастығы Мағрипа Нигишева атап өткендей, БҚО-да барлығы 50 консультативтік-кеңесу органы бар, оның ішінде 27 басымдылықты болып табылады. «Біз бұрыннан келе жатқан комиссияларға кіруді мақсат тұтпаймыз», - деп баса көрсетті Мағрипа Нигишева, - «Бірақ тек бизнестің дамуына тікелей әсер ететіндерге ғана. Олардың арасында: өңірлік үйлестіру орталығы, сараптау кеңесі, мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын субсидиялау жөніндегі комиссия, жер комиссиясы және басқалары».

БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Кеңес Әбсәтіров ККО Палатаның мемлекеттік органдарға әсер етудегі тетіктерінің бірі екенін баса көрсетті, осыған орай кәсіпкерлерді ККО қызметіне белсендірек араласуға, толғақты түйткілдерді көтеруден қорықпауға, және де қажет болғанда Палата атынан әрекет етуге шақырды.

«Бизнесмендердің Жер комиссиясы құрамына кіруінен әсерлер баршылық. Бізге құлақ асып, пікіріміз ескеріле бастады. Алайда түйткілдер әлі де сақталуда», — дейді Жер комиссиясының мүшесі, Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі өңірлік кеңес төрағасы Қайдар Қапанов. – «Көптеген жас кәсіпкерлер қаланың қай ауданында бос телімдер бар екенін білмейді, осыдан келіп бизнеске жер таңдауда түйткілдер туындайды».

«Стратегиялық бизнес тұрғысынан, яғни қаланың бұдан әрі қалай дамитыны, бизнес-құрылымдар қайда, қандай траекториямен орналасуға тиіс, анық та ашық болу үшін ақшаны қайда салуға болады деген мәселелер төңірегінде мемлекеттік органдарда ештеңе жасалып жатқан жоқ», - деп жалғады сөзін Қайдар Қапанов. – «Мысалы, қаланың электронды картасы. Шамамен жеті жылдай бұрын қала бюджетінен оны әзірлеуге қаражат бөлінді. Карта адамдардың бос телімдердің қайда жатқанын білуі үшін қажет. Оның үстіне, бизнесмендер ғана емес, қарапайым тұрғындар да. Бірақ электронды карта адамдар үшін қолжетімсіз болып қалса, онда қаражат не үшін жұмсалды? Сұрақ жауапсыз қалып отыр».

Сәулет, субсидия мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері отырыс өткізу процедурасына егжей-тегжейлі тоқталды. Олар өткізілгелі жатқан ККО жиналыстары жайлы жұмыс басталғанға дейін тура екі сағаттай ғана уақыт қалғанда хабарланатынын жеткізді. Нәтижесінде бизнесмендер дайындалып үлгермей қалады.

Кездесу қорытындысы бойынша бизнесмендер қозғаған мәселелердің барлығын сәйкес шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жеткізуге шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер