Жеңілдікті кредит бизнесті кеңейтуге мүмкіндік берді
ОҚО Қазығұрт ауданындағы кәсіпкер Клара Қалдыбаева жылыжай салу үшін жеңілдікті кредит алды
Бұл жолда оған Кәсіпкерлерді қолдау орталығының мамандары көмектесті. Аталмыш орталыққа бизнесвумен былтырғы жылы жүгінген еді. КҚО менеджері Лесбек Мекенбай түсіндірулер мен нұсқаулықтар беріп, бизнес-жоспар даярлап берді және екінші деңгейдегі банктермен келіссөздер жүргізді. Яғни кәсіпкер жобасына толық сүйемел көрсетті. Осыдан соң кәсіпкер Қазақстанның Халық банкінен 4,7 млн. теңге жеңілдікті кредит алды.
Бизнесвумен бұған дейін Оңтүстік Қазақстаннан Астанаға көкөністерді көтерме жеткізумен айналысқан болатын. Ол өнімді ауданда әрекет жасап жатқан жылыжайлардан, сонымен бірге өзінің жылыжайынан жинайтын. Ауданы 6 сотық болатын шағын жылыжайды кәсіпкер үйінің ауласында 2011 жылы өз қаражатына салған болатын. Уақыт өте келе біршама кең – 20 сотық ауданды алатын жылыжай салу қажеттігі туындайды. 14 пайызбен кредит алып, оның 7 пайызын мемлекет өтейді, жаңа жылыжай салып алды. Жақында алғашқы өнімін жинайды.
«Кәсіпкер жеке бизнес құру, маркетинг, адами ресурстарды басқару, бизнесті жүргізудің заңгерлік негіздері және қаржы жөнінен ісін бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлерді қысқа мерзімдік оқытуды көздейтін «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша оқудан өткен», - деп атады Қазығұрт ауданы Кәсіпкерлерді қолдау орталығының менеджері Лесбек Мекенбай.
Кәсіпкер жобасына көрсетілген жәрдем үшін зор алғысын білдірді.
«Бізде осындай орталықтың ашылғанына өте қуаныштымын. Мұнда шынайы көмек көрсетіледі. Бұрын кәсіпкерлер алдымен қайда жүгіну керектігін білмейтін. Жеке басым өте жылдам, еш кезексіз кредит алуға қажет құжаттардың барлығын алдым», - дейді Клара Қалдыбаева.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: